Басты жаңалықтар

Іздеушің болмаса құның көк тиын…

Бұл дәрігерлер арасында қалыптасқан қауіпті құбылыс

Қазір көпшіліктен қай саланы қай министр басқарып отырғаны жайында сұрай қалсаңыз, дені басын қисайтып, иығын көтеріп, білмейтінінің ишарасын білдіреді. Бұған мемлекет мүддесі, халық қамы үшін жанын салып жұмыс істемейтін министр кінәлі ме, әлде саяси сауаты төмен халық кінәлі ме? Біздіңше халықта кінә жоқ. Елге Жұмабек Тәшеновтай, Ілияс Омаровтай, Асанбай Асқаровтай, Өзбекәлі Жәнібековтей, т.с.с. жан-тәнімен қызмет етіп жүрген тұлғалар болса, олардың есім-сойын бүгінгі буын ғана емес, келешек ұрпақ та жатқа біліп, ізгі амалдарын жарыса айтып, жадында мәңгі сақтайтыны анық.

Өкінішке қарай, бүгінде халық атын айрықша атап, есімін ұлықтап жүрген шенеунік жоқтың қасы. Демек, бізің елде Үкімет өз білгенімен, халық өз бетімен өмір сүріп жатыр деген сөз. Сондықтанда жергілікті тұрғындар шағымын кімге айтарын білмейді. Басқасын айтпағанда, көзі ашық, көкірегі ояу, жоғары білімді деген ұстаздардың өзі құқын қорғай алмай жүргенде қарапайым тұрғындар туралы не айтуға болады? Осыны пайдаланған медицина, әкімдік, құқық қорғау секілді халықпен тығыз жұмыс істейтін сала қызметкерлері ойларына келгенін істей бастады.

Мәселен, медицина саласын алайықшы. Бүгінде ішпек-жемегі химикат, тыныстағаны лас ауаға айналған тұрғындар арасында басы ауырып, балтыры сыздағандар қатары көп. Ота столына жатуға мәжбүр болғандар да аз емес. Жанын шүберекке түйген олар өздерін дәрігерге тәуелді, өмірін ажалдан арашалап алып қалушы ретінде көреді. Сол себепті, айтқанын мақұлдап, дегеніне көнуге мәжбүр. Мұны өз пайдасына жарататын ақ халаттылар да аз емес. Сенбесеңіз, ота жасатқан адамнан дәрігерге «қолыңыз жеңіл болсын» деп қанша теңге ұсынғанын сұрап көріңізші. Ең төмені 50 мың теңгеден басталады. Кейде сұрағанын бермесеңіз, адам санатынан шығып қалуыңыз да кәдік. Былайша айтқанда, іздеу-сұрауы бар адамның санатында болғыңыз келсе, ауруханаға қалтаңыз бос келмеуі керек. Бұған, әрине, жеке адамдар емес, жемқорлыққа батқан жүйе кінәлі.

Жоғарыда айтқанымыздай, қай саланың министрі кім екенін көпшілік білмейді. Қайдан білсін, келгенінен кеткені жылдам министрлердің атын да жаттап үлгермейсіз. Мысалы, дәл қазіргі кезде Қазақстанда Денсаулық сақтау министрі кім екенінен кешеге дейін мен де бейхабар екенмін. Өткен бейсенбіде қажеттілік туындаған соң ғаламторды ақтарып едім, еліміздің денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы екенін білдім. Енді негізгі мәселені айтайын. «Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесіндегі 41 ғимаратта орналасқан облыстық аурухананың Руслан Ешимов басқаратын ревмотология бөлімшесінде жатырмын. Үш күн болды тамақ іше алмаймын. Мыналар қарамайды. Дәрі екпейді. Артымнан келетін «жанашыр» адамымның келіп жолығуын күтіп отырса керек», – деп жыларман болған қарағандылық Рәзия Тыныштыққызы есімді таныс келіншекке не айтарымды білмедім. Барып жағдайды білетін жақын жерде емеспін, Шымкенттемін. Амал жоқ, әлеуметтік желінің көмегіне жүгіндім. Фейсбук парақшама «Министр ханым, біздің Қазақстанның ауруханаларында, соның ішінде Қарағандының облыстық ауруханасында артынан іздеп келетіні жоқ адамды қарамайтын, емдемейтін болған ба? Ал келетін ешкімі жоқ делік, сонда ол өле беруі керек пе? Дәрігерлердің жауапсыздығынан өлген адамға қандай диагноз қоясыздар? Әрине, дәрігерлер қарамағаннан өлді деп жазбайтындарыңыз анық. Олай болса тез арада тапсырма беріңіз, Қарағандының дәрігерлері аурудың артынан келетіндерге емес, ауру адамның өзіне қарасын, емдесін», – деген мәтінде жазба жариялап, Денсаулық сақтау министрлігін тектедім.

Арада 15-20 минут өтпестен-ақ Р.Тыныштыққызына дәрігерлер былай тұрсын бөлім басшысы, одан да жоғары лауазымдағылар келіп қарай бастапты. Дәрі егуді де қолға алған. Ал менің өзіме Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасынан: «Ұлықбек Үмбет, Сіздің шағымыңыз қабылданды. Жазбаңызда көрсетілген жағдай бақылауға алынды», – деген хабарлама келді. Сонда журналистер дабыл қақпаса дәрігерлерге адам өмірі түкке тұрғысыз болғаны ма? Бәлкім ауруханада, ота үстінде жан тапсырғандар сол артынан іздеушісі келмегендер, келсе де ештеңе бермегендер емес пе екен деген күдік ой келе бастады. Дәрігерлердің мемлекет беретін жалақысы бар емес пе, олар сырқатқа сыр білдірмей қарау үшін Гиппократ антын қабылдаған жоқ па? Әлде оның бәрі бала-шаға мен отбасыға апаратын солақай табыспен салыстырғанда болмашы дүние болып қалғаны ма? Р.Тыныштыққызы бізге хабарласпаса әлі қанша уақыт қиналып жататынын өзі де білмейді. Мүмкін солай жатып өліп кетсе, дәрігерлер «ем қолдану үстінде жүрегі тоқтап қалды» деп құжат толтыра салса да таңқалмаймын. Кейін оны ешкім жоққа шығарып, дәлелдей алмайды.

«Өзге пікір» газеті мәселе көтергеннен кейін дәрігерлердің шұғыл араласуы арқасында Р.Тыныштыққызының денсаулығы түзеліп, өзіне келе бастаған. Бұл жөнінде ол кісінің өзі былай деп хабаралма жазып жіберіпті: «Үйге шығайын сосын жазармын деп едім. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген. Мен 3 шілде күні порталмен Қарағандыдағы облыстық ауруханада жатқан едім. 11-і шілдеде «выпискам» мен «больничный» қағазым дайын болуын күтіп отырғанмын. Кенет денем дірілдеп, асқазаным ауырып, ештеңеге шамам келмей құладым. Бұл жерде өл-тіріл ешкім алғашқы көмек көрсетпейді екен. ФГДС жасаймыз деп сүйреп басқа ауруханаға алып кетті. Одан қайтарып әкеліп басқа палатаға жатқыза салды. «Сізде бәрі жақсы, біз ештеңе істемейміз», – дейді. Жаным қиналғасын Шымкенттегі «Өзге пікір» газетіндегі танысыма телефон соғып, жағдайды айттым. Аллаға шүкір, жоғарыдан қоңырау келген соң, бар-жоғы 15 минут ішінде дәрігерлер келіп, жүгіріп жүріп қарады. Бала-шағасының, халқының алдында аман болсын. Рахмет!».

Р.Тыныштыққызы жағдайы жақсарып, дүйсенбіде өз аяғымен үйіне шығарылған. Ал танысы жоқ қаншама адам аурухана палатасынан тікелей мәйітханаға кетіп жатқанын ешкім білмейді. Осындай келеңсіз жәйттерге қарап, кейбір дәрігерлердің әрекетіне ашынасың, лағынет айтқың келеді. Әрине, бәріне емес, араларында өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, жұмысқа кірісерде берген антына адалдық танытып жүргендер де жетерлік. Бірақ «бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні» өкінішті.

Балқы БАЗАР.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *