Шымкент

217 АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ МАҚҰЛДАНДЫ

Еліміздің үшінші мегаполисі ретінде Шымкент қаласының дамуы оның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жыл өткен сайын жақсаруымен де айқындалады. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, олардың кәсіп тауып, өз күнін өзі көретіндей жағдай жасау қаланы дамытудың бір тармағы десек қателеспейміз.

Жақында 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легі бойынша комиссия отырысы өтіп, әлеуметтік осал топқа жататын 217 адамның бизнес-жобасы мақұлданды. Жалпы екінші лек бойынша BUSINESS.ENBEK порталына 1294 адамнан өтінім келіп түскен. Олар – атаулы әлеуметтік көмек алушы, көпбалалы (ең үлкен перзент 23 жастан аспаған), асыраушысынан айырылған жөнінде әлеуметтік төлем алушы отыбасылар. Бұл санатқа қандастар, қоныс аударушылар (солтүстік өңірлерге) еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азаматтар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар да жатады.

Комиссия құрамында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері, журналистер, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және кәсіпкерлер болды. Комиссия мақұлдаған бизнес-жобалардың 19-ы мал және құс шаруашылығын, 49-ы қызмет көрсету саласын, 22 жоба кондитер және нан өнімдерінің өндірісін, 44-і тігін, 16 жоба жартылай фабрикаттар, 5-і жиһаз өндірісін, 27 жоба өндіріс саласы мен 35-і қоғамдық тамақтану орындарын іске қосу жобаларын құрады. Ал, санаттар бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасы – 5, 130-ы көпбалалы отбасы, 14-і асыраушысынан айырылып, бүгінде әлеуметтік төлем алып отырған отбасы, 31-і еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азаматтар болса, 37-сі мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Бүгінде грант жеңімпаздары Еңбек мобильділігі орталығымен келісім-шарт жасауда. 400 айлық есептік көрсеткіш 1 476 800 теңгені құрайды. Қайтарымсыз грант қаржысы несиені өтеуге, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға және акцизделетін өнімдерді өндіруге қолданылмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *