Өмірдің өзі

Шымкентте Құран жаттаған 8 қыз тәж киді

Қари атанған аруларға деген құрмет-қошемет Шымкент қаласы Еңбекші ауданының «Тура жол» мешітінде өткен салтанатты шарада көрсетілді. Құранды толық жаттаған 8 қариға құрмет көрсету шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Еңбекші аудандық мешітінің имамы Ербосын Орын, аудандық қыз-келіншектер секторының ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы арнайы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тәж кигізу дегеніміз не? Екі дүние сардары  Пайғамбарымыз (с.а.с) «Кімде-кім Құран Кәрімді оқып, онымен амал ететін болса, қиямет күні ата-анасының басына тәж кигізіледі, нұры дүниедегі күн сәулесінен де жарық болады. Енді сіздер Құранмен амал еткендердің сауаптарын өздеріңіз есептеңіздер» деген.
Алла елшісінің (с.а.с) осы хадисін негізге ала отырып Құранға түскен қыздарға, ер балалардың аналарына «Тәж» кигізу рәсімі еліміздің түкпір түкпірінде қолға алынған игі шаралардың бірі. Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, апа-әжелеріміздің батасын алып, ұстаздарның әсерлі уағыздарымен жалғасады.

«Кімде-кім Құран сүрелерін жаттаса, ата-анасына ақыретте тәж кигізеді. Бұл дүниеден өтіп кеткен ата-анасы арғы өмірде «Бұл не үшін?» деп сұраса «ұрпағың Құран жаттағаны үшін» деген жауап алады екен.

Ал Құранды толық жаттаған, қари атанады. Және ақыретте отбасы мүшелерінен бөлек 70 адамды жәннатқа өзімен ала кіреді деген тәмсіл бар.

Шымкентте өткен іс-шарада қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қасиетті Құранды толық жаттаған шәкірт қыздар София Ахметжанова, Мадина Анарметова, Айша Исламова, Тахмина Ахмеджанова, Муслима Асланбекова, Зилола Тұрашбекова, Салиха Хасанова, Мадина Тошниязова қариларымызға арнайы алғыс білдіріп, демеушілер есебінен барлығына Ұмра қажылыққа жолдама сертификатын табыстады.

Игі шара аясында «Тура жол» мешітінің имамы Тәңірберген Ергешов барлық қатысушыларға алғыс айтып, діни сауат ашу курстарына демеушілік еткен азаматтарға ризалық білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *