Шымкент

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!

   

         Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қалалық Білім басқармасымен бірлесіп, Халықаралық Алан мектебінде «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік» және «Тұрмыстық жағдайдағы өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында кеңейтілген түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруда. Үш тілде өтіп жатқан насихаттық жұмыстар барысында ZOOM платформасы арқылы да онлайн режимде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осылайша 247 білім беру ұйымдарынан шамамен 12 500 оқушы қамтылды. Бұл өз кезегінде, Департаменттің жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған саясатына оң әсер етері сөзсіз. Бала жастан бастап төтенше жағдай орын алғанда өзін-өзі ұстау, әрекет ету дағдыларына үйретудің маңызы зор. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Өткен аптада Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 19 қазан — Құтқарушылар күніне орай баспасөз туры мен ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен оқушылары қатысты. Іс-шараға мемлекеттік наградалармен марапатталған құтқарушылар қатысты. Төтенше жағдайлар саласында қызмет ететін құрылымдардың қызметкерлеріне де қошемет көрсетілді. Бұл өте әсерлі және тебіреніске толы сәт болды.

Құтқарушылардың кәсіби шеберлігін көрсететін арнайы дайындалған өрт сөндіру, құтқару және алғашқы көмек көрсету бойынша тәжірибелік жаттығулар да ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар құтқарушылар жұмысының күрделілігі мен маңыздылығын көзбен көріп, сезінді. ТЖД бастығы, генерал-майор Қ.Базарбаев шара барысында сұхбат беріп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерен еңбегін атап өтті. Сондай-ақ келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан бүгінгі күннің батырларынан да сұхбаттар алынды.

Баспасөз туры аяқталғаннан кейін қаланың білім беру мекемелерінің оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылып, іс-шара ұжымдық фотосессиямен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *