Uncategorized

Дұрыс тағайындалмаған дәрі ауруды асқындырады  

Бүгінде аурудың түрі де, саны да көбейді. Бұрын атын естімеген сырқаттардан соңғы кездері адамдар өліп жатыр. Ауру көбейген кезде дәрі-дәрмекке деген сұраныстың да артары анық. Мұны кейбір пысықайлар өз мүдделеріне пайдалануда. Бұрын жертөлелер мен сарайлардан арақ, шұжық жасағандарды естуші едік. Соңғы кездері құзырлы органдар жалған дәрі жасаушылардың әрекеттерін де әшкерелей бастады. Соған қарамастан дәрілердің бағасы күн санап қымбаттап барады. Бұдан кейін «біз қандай дәрі ішіп жүрміз» деген заңды сұрақтың туындайтыны рас.

Көпшілігіміз бастан өткеріп жүргеніміздей, кейбір дәрілерді қолданудан ешқандай оң әсер байқалмайды. Біздің ата-бабаларымыз ешқандай дәрі пайдаланбай, табиғи дәрумендердің көмегімен, халықтық медицинамен емделгенін білеміз. Өкінішке қарай, осы дәстүр ұмыт қалып барады. Бізге хабарласқан отырарлық Хасен Тұрлыбеков деген азамат өз басынан өткен жайтты төмендегіше баяндайды: «Мен көп ауырдым, қаншама дәрі іштім. Алайда, пайдасын көрмедім. Содан кейінгі кездері дәріні қолдан жасайтын болдым. Әрине, әркімнің айтқанына емес, ғылыми дерек-дәйектерге сүйенемін. Көп жыл бұрын ресейлік ғалым Михаил Давидович Мошковскийдің «Лекарственные средства» деген кітабын оқыдым. Онда дәріні қалай жасайтыны, қалай пайдаланатыны туралы жазылған.

Мен дәрігерлік есепте тұратындықтан тегін дәрі жазып береді. Бірақ оларды өте аз пайдаланамын. Қазір тегін дәрінің түк пайдасы жоқ. Себебі күн сайын бір дәрі шығады. Оның қайсысы пайдалы екенін білмейміз. Қан қысымым жоғары, қант диабетім бар, эхинококкозға шалдықтым, бауыр да ауырды. Қызыл пияздың жұқа қабығын қайнатып ішіп, бауырды ретке келтірдім. Қант диабетінің бірден-бір емі — сұңғыла деп аталатын шөп. Сұңғыла қауын мен сексеуілдің түбіне шығады. Сұңғыла бар жердің қауыны өспейді. Сұңғыланы кептіріп, майдалап, шәй етіп ішу керек. Ұзақ қайнатып бір күндігін ішуге де болады.

Қант диабеті асқынған кезде адам ісінеді. Ісіген жерге қолың тиіп кетсе қатты ауырсынады. Бір танысым ауырғанда дәрігерлер Вазапростан деген дәрі жазып берді. Оның табылмағаны қайырлы болды. Өйткені, ол басқа ауруға арналған екен. Науқасты үйіне алып барғанда танысыма жалбызды кептіріп, езіп, көк шәйға араластырып, науатпен бергіздім. 3 күн ішкенде денесінен зәрдің бәрі шығып, жақсы болып кетті.

Жалбыздың пайдасы көп. Ол зәр қуады. Бұлар қазақы емдер. Ата-бабаларымыз химиялық дәрі жоқ кезде осылай табиғи шөптерден дәрі жасап, емделген. Пияздың қабығын қайнатып, тұндырып ішкеннің де пайдасы көп. Ал оның қабығын сүзіп алып, қияр мен қызанақтың түбіне сепсеңіз керемет тыңайтқыш болады. Ол жерге колорадо қоңызы жоламайды. 2 литр суына 10 литр қайнамаған суды араластырып, егіннің түбіне құйып шықсаңыз жетіп жатыр. Тек қызанақ пен қияр емес, шабдалы, жүзім басқа да бақша өнімдеріне таптырмайтын дәрумен қызметін атқарады. Бір артықшылығы оны шашып пайдалана беруге болады, ешқандай зияны жоқ. Бұл табиғи биологиялық ем.

Мен мұның бәрін кітаптан оқып, оны өз тәжірибемнен өткізгенмін. Кейбір дәрігер қант диабетімен ауырғандарға кешке 100 грамм арақ ішіп тұр деп кеңес береді екен. Бәлкім ол қанды уақытша сұйылтатын шығар, бірақ түпкілікті емі емес.

Бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан газетінде фармацевтиканың құпия сырлары деген тақырыппен мақала жазылды. Сонда парацетамолдың 200-ден аса түрі бар екені айтылған. Дәріні әр ел өздері шығара беретін болды. Оны біздің елге алып келіп сатады. Кім қандай дәрі алып келіп сатып жатқаны туралы мемлекеттен бақылау жоқ.

Германияда Пфайзер компаниясы шығарған дәріні канадалық дәрігер жүйке ауруына шалдыққан Моника деген әйелге қолданған. Салдарынан ол әйел өз өзіне қол жұмсапты. Дәрігер тексергенде ол дәрі адамды есінен адастырып, суицидке алып баратынын анықтап, компанияны сотқа берген. Жалпы жарнамадағы дәріге құмар болмаған дұрыс. Одан дертіне шипа іздеймін деп керісінше ауруын асқындырып алғандар аз емес. Бір кездері семіздіктен арылтады деп толық адамдар Қытайда жасалған «Танчен» деген дәріні ішті. Кейін оның құрамында құрт бар екені анықталды».

Міне, осы секілді келеңсіздіктердің бүгінде көптеп кездесетіні жалған емес. Өкінішке қарай, қазір дәрі, дәрумен сату жарысы қызып тұр. Олардың құрамында не бар, сапасы қандай, денсаулыққа әсері қандай екенін ешкім білмесе де жарнамаға сеніп, қолданып жатқандар көп. Оның соңы аурудың асқынып, мүгедектікке, тіпті адам өліміне ұласып жатқандарды да жоқ дей алмаймыз. Осындай келеңсіздіктерді тоқтатып, алдын алу үшін мемлекет тарапынан дәрі бизнесіне қатаң бақылау болуы қажет. Тәуелсіз мемлекетіміз үшін ең қымбат қазына — адам денсаулығы мен өмірі екені Ата заңымызда да көрсетілген. Елдің баянды болашағын дені сау ұрпақ қана қалыптастыра алады. Сол себепті емделуді де сауатты жүргізгеніміз жөн. Дұрыс тағайындалмаған дәрі сау адамды ауру етеді. Дұрыс тағайындалғанның өзінде дәрі адам ағзасының бір мүшесін емдегенімен, екінші мүшесін зақымдайтыны бар. Асылы, дәрумен шөптердің көмегіне көбірек жүгінудің пайдасы орасан болмақ. Дәрілік шөптер біздің өлкемізде көптеп өседі.   

Ә.НАУАЙЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *