Шымкент

ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛДЕРІ ТАЗАЛАНУДА

  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Таза Қазақстан» акциясы әлі де жалғасуда. Осыған орай Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында орналасқан жерасты өткелдеріндегі санитарлық тазалықты сақтау ұдайы назарға алынған. Бұл жұмыстар бүгінгі таңда «Абай» КММ-і тарапынан күнделікті күндізгі және түнгі кезекшілік бойынша атқарылуда. Айта кету керек, ауданға қарасты 6 жерасты өткелі бар. Атап айтсақ, А-2 айналма жолы, Жиделібайсын көшесі, Темірлан тас жолы Алаш базары алдындағы және Бекжан базары маңында, сонымен қатар, Төлеметов және  Бәйдібек би көшелерінде орналасқан.

Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан, акция аясында бұл бағыттағы жұмыстар аудандағы елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында кестеге сәйкес жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *