Шымкент

 «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ» ҚАЙТАРЫЛДЫ

«Заңсыздыққа жол жоқ». Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан — Әділетті қоғам» ұстанымын негізге ала отырып, өрескел заңбұзушылыққа жол бермеу жөніндегі тапсырмасының талабы да осы болса керек. Кезінде жекеменшікке өтіп, бүгінде о бастағы белгіленген мақсатына сай емес жұмыс атқарып отырған нысандарды мемлекет меншігіне қайтару ісі Шымкент қаласында жандана түсті. Шымкент қаласының әкімдігі заңсыз берілген жер учаскелері мен объектілерді түгендеу, иесі заңсыздыққа барған жағдайда заң аясында мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстары әрі қарай жалғасуда.

Бұған дейін газетімізде жазғанымыздай, «Мұз сарайы» ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылып, ішінара «Кең Баба» саябағы да жалға алған егесінен қайтып алынған болатын. Енді, міне, Шымкенттің қақ ортасындағы «Қиял әлемі» саябағына қатысты жағдай да шешімін тауып отыр. Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде 2009 жылдың маусым айында Республика даңғылы №9 мекен-жайдағы 4,8391 га жер учаскесі

«Айгерім» ЖШС-не жеңіл конструкциялардан балалар ойын сауық орталығын орнату үшін уақытша пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге берілген екен. Жер учаскесін жалға алу келісім шарты түзіліп, сәйкестендіру актілері рәсімделген.

Уақыт өте келе Шымкент қаласының жер ресурстары департаменті аталған жер учаскелерінің заңсыз берілуіне байланысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қалалық жер қатынастары бөлімі мен «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында түзілген жер учаскесін жалға беру туралы 2011 жылғы

18 наурыздағы №002/392 үлгілік шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдаған. Нәтижесінде Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының биылғы 10 мамырдағы шешіміне сәйкес, талап арыз қанағаттандырылған. Яғни аталған бөлім мен «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасында түзілген жер учаскесін жалға беру туралы 18 наурыз 2011 жылғы №002/392 үлгілік шарты жарамсыз деп танылған.

Шымкент қалалық сотының 31.07.2024 жылы қаулысына сай, аталған шешім күшінде және «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аппеляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот қаулысы түпкілікті дайын болған соң әкімдік тарапынан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында, Жер кодексінің 164-1 бабына сәйкес, заңсыз салынған құрылыстарды өз есебінен бұзу арқылы жер учаскесін бастапқы қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап-арыз сотқа жолданатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *