Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ 300 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Мегаполиске лайықты инфрақұрылымға ие болу шымкенттіктердің көптен күткен талабы. Тұрғындардың талап-тілегін ескерген қала билігі ой-шұқыры көп көшелерді жөндеуге кіріскен. Бүгінде қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданындағы 60-тан астам көшеде атқарылды. Сондай-ақ Қаратау ауданындағы Қайтпас, Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде, Әл Фараби ауданы Сәуле елдімекенінде жалғасуда. Осыған дейін Тұран ауданы Қызғұрт елдімекеніндегі 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Олар: Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка, Алтын сақа, Үсенов, Қожанов, т.б көшелер. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша жалғасатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *