Қоғам

 Үздік қарилар анықталды

Шымкентте үздік шәкірттер арасында құран оқудан жарыс өтті. Еңбекші ауданының «Қарабастау» мешітінде өткен сайысқа қала бойынша Құран оқудан үздік атанғандар іріктеліп алынды. Содан да болар бәсекенің бәсі биік, талапкерлер арасында жеңімпазды анықтау тартысты болды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов, Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Орын, Берік Сейтаев сынды қадірлі қонақтар барлық үміткерге сәттілік тіледі.

Арнайы іріктеуден өткен 25 қари қатысқан сайысқа елімізге белгілі қари ұстаз Ерсін Әміре, Ықылас Майлан, Кәлімжан қари Юлдашев қазылық етті. Қари-ұстаздардың төрелігі нағыз қариды анықтауды мақсат тұтты.

Жарыс нәтижесі бойынша І орын Амантай Мұхаммедюсуфқа бұйырды.

Ілияс Алихан ІІ орын алса, ІІІ орынды Біләл Тухтаев иеленді. Көрермен көзайымы аталымы бойынша Халид Ділмұратов, ең жас қатысушы аталымы бойынша Әбубәкір Рахматұлы да марапатқа ие болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыста жүлдегерлерге алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *