Тұрғын үйлерде өрттің шығуы мен үй мүліктерін жалын шарпуы азаматтардың ұқыпсыздығынан орын алады. Егер де әрбір тұрғын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, оның орындалуын бақылап, жауапкершіліктерін арттырып, жұмысты ширата түссек, тілсіз жаудың алдын алуға болар едік.
Өкінішке орай, өрт қауіпсіздігі ережелері барлық жерде қатаң сақтала бермейді. Соның салдарынан жыл сайын тұрғын үй секторларында өрт оқиғалары орын алып жатады. Әрбір өрт оқиғалары бойынша анықтау жұмыстарын жүргізгенде анықталғаны, тұрғын үй иелерінің төмендегі өрт қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлмеуі себеп болады. Атап айтсақ, жас балалардың сіріңкемен ойнауы, тұрғындардың отты қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, қолдан жасалған электр қыздырғыштарын пайдалану, пеш мұржаларын жиі тазаламау, мал қораны жол бойынан өртке қарсы ара қашықтықты сақтап салмау, электр желілерінде жабық қорғағышының болмауы, мал қораның шатыр бөлігіне шөп жинау, шатырға тасталған қамысты лаймен жауып тастамау секілді жайттар себеп болады.
«Сақтансақ, сақ боласың» демекші, өз-өздеріңізге ұқыпты болсаңыздар үйлеріңіз де, мүліктеріңіз де өрттен аман болады.
Д.Искаков,
Еңбекші ауданы ТЖБ басқармасының инженері,
Азаматтық қорғау лейтенанты.