Біле жүріңіз

Су есептегішті кім тексереді?

  • Керек кеңес

Шымкентте су есептеу құралдарын тексеретін сенімді мекеме – «Водомер» ЖШС. Осы мекеменің ғана арнайы лицензиясы бар. Мамандандырылған кәсіпорын. Кәсіпорынның заманауи, сертификатталған жабдықтармен қамтылған өндірістік базасы мықты. Ол жеке үйлердің де, өндіріс орындарының да су есептеу құралдарын тексеруге мүмкіндік береді. «Водомер» ЖШС-де біліктігі жоғары, кәсіби, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Су есептегіш құралының әрқайсысының паспортында ол тексерілетін аралық интервал мерзімі көрсетіледі және қоймада ұзақ уақыт сақталған жағдайда орнатылар алдында міндетті түрде тексеруден өткізіледі.

– Есептегіш құралы арнайы зертханада тексеріледі. Тиісті жабдықта құралдың қандай да бір ақауы болса оны анықтап, қорытынды шығарылады. Су өлшегіштің жарамсыздығы және оны стандарттарға сәйкес келетін жаңа есептегіш құралына ауыстыру қажеттігі туралы анықтама беріледі. Ал, керісінше, егер ары қарай да пайдалануға жарамды болса, сертификаттаудан өткізіліп, пайдалануға рұқсат беріледі, — дейді «Водомер» ЖШС-інің метрологы Сергей Меньшинин.

«Водомер» ЖШС-нің өтінімдерді қабылдау жөніндегі диспетчері абонентке шебердің (мастер) келген күнін хабарлауы тиіс. Мұндағы маман суды есептеуіш құралын бөлшектеп, иесіне тапсырады. Әрі қарай, тұтынушы қай кәсіпорынды таңдайтынын өзі шешіп, құралды тексеруге өзі апарады. Тексерілгеннен кейін сертификат беріледі және деректер автоматты түрде «СРМ» ЖШС базасына енгізіледі. Кәсіпорын маманы құралды желіге орнатады және қосып береді, құралды пломбылайды, сондай-ақ қажетті құжаттарын береді.

– Қызмет бағалары бойынша және диаметрі 15 мм суды есепке алу аспабын тексеру «Водомер» ЖШС-де 7275 теңгені құрайды, бұл сомаға бөлшектеу және тексеруден өткен жағдайда су өлшегішті кері монтаждау жұмысы кіреді. Көпқабатты үй тұрғындары үшін суды есептеу құралын ауыстыру 13451 теңгені құрайды, ал жеке секторда вентильді ауыстырумен бірге 14862 теңгені құрайды. Барлық деректер автоматты түрде «СРМ» ЖШС Басқару жүйелерінің базасына енгізіледі, — дейді «Водомер» ЖШС-нің директоры  Ғалымжан Қаңлыбаев.

Су есептегіш құралын орнатуға, ауыстыруға, жөндеуге, тексеруге және пломбылауға өтінімдерді келесі телефон нөмірлері арқылы хабарлауға болады: 37-33-62, 37-54-57, 37-50-87. Ұялы телефондар: +7-771-147-24-08; +7-775-326-63-02. «Водомер» ЖШС-нің мекенжайы: Шымкент қ., Теріскей шағынауданы, Жолан батыр көшесі, н/ү орналасқан. Кәсіпорын күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *