Біле жүріңіз

ҚОЛ ҮЗДІК ЖАЙЛЫ ҮЗІК ОЙ

  • Салтыңды сақта

Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, соғым етін дайындау үлкен науқандық жұмыс. Қазақтың соғым сою дәстүрі қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып келеді. Ұлтымыздың ұрпағына ұлағат еткен аманаттарының бірі. 

         «Соғым басы – елдің асы» деген ғибраттың астарында көп дүние баршылық. Соғым сойылған үйде мол қуырдақ қуырылады. Оны ақсақалдар, көрші-көлем, ағайындар жиналып жейді. Соғымға сойылған малдың әр жілігінен бір жапырақ ет жұлып алып береді. Бұл қуырдақ бес қуырдақ деп аталады.

         Қасапшыларға еңбегі үшін қол үздік ет беріледі.

         Қазіргі уақытта көбінесе тай сойса да, қой сойса да, арнайы қасапханаларға апарады. Еңбек ақысын ақшалай төлейді. Ақшаның араласпайтын жері қалмады.

         Алайда дәстүрлерімізді дәріптеу арқылы жас буынның бабалар аманатына адалдығын сақтап қалар едік.

Ақмарал Леубаева,

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *