Шардарада биыл үшем туған Ешмұратовтар мен Оңайовтар отбасына жаңа баспана тарту етілді. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада үшемдердің ата-анасына жаңа баспананың кілтін аудан әкімі Арман Қарсыбаев табыстады.
Бұған дейін аудан басшысының қолдауымен үшем туған әр отбасыға демеушілер есебінен 3 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілген еді. Енді міне, айтулы мерекеде Шардарадағы Ж.Қолдасов көшесінде орналасқан заманауи пәтерлердің кілттері табысталып отыр. Жаңа баспаналар демеушілер қаржысы есебінен салынған. Қуанышын жасыра алмаған отбасылар аудан басшысы мен демеушілерге алғысын жеткізді.
