Әлеумет

Зейнетақы мен жәрдемақылар көбейді

«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты.

        —  Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге;

        —  Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;

        —  Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 46 228 теңге;

        — Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге.  

        Жасына және еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негізгі мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 %-ға арттырылады. Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 айлық есептік көрсеткішке 216 260 теңге, яғни орташа айлық табыстың шектелу шегі(АЕК 3932х55=216 260 теңгені) құрайтын болды. Зейнетақы төлеміне қосымша төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Әлеуметтік Кодексінің 205-бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД-нің) жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленетін болады. Осылайша, зейнетақы жүйесіне он және одан аз жыл қатысқан, не ол болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы (бұған дейінгі 65 пайыздың орнына) мөлшерінде анықталатын болады. Он жылдан асқаннан кейінгі әрбір толық жылға 2 пайызға, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде берілетін болады (бұған дейінгі 100 пайыздың орнына). Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 32 260 теңгеден 50 851 теңгеге  дейінгі аралықта анықталып, арттырылды.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігіне және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар:

І топқа 95 496 теңгеден — 101 702 теңгеге;

ІІ топқа 76 397 теңгеден — 81 362 теңгеге;

ІІІ топқа 52 089 теңгеден — 55 474 теңгеге;

7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 69 886 теңгеден —74 428 теңгеге артады.

7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:

І топ 95 496 теңгеден — 101 702 теңгеге;

ІІ топ 79 435 теңгеден — 84 598 теңгеге;

ІІІ топ 69 886 теңгеден— 74 428 теңгеге көбейеді.

Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге 69 886 теңгеден — 74 428 теңге;

І топтағы мүгедекке күтім жасаушыға 69 886 теңгеден — 74 428 теңгеге артады. 

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:

1 балаға 39 935 теңгеден — 42 530 теңгеге;

2 балаға 73 792 теңгеден — 78 588 теңгеге;

3 балаға 97 666 теңгеден — 104 013 теңгеге;

4 балаға 112 859 теңгеден — 120 193 теңгеге;

5 балаға 119 370 теңгеден — 127 127 теңгеге;

6 және одан көп балаға 130 221 теңгеден – 138 684 теңгеге көбейтіліп төленетін болады.

Тұл жетімдер: әр балаға бөлек — 71 192 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің артуына байланысты келесі әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері артады.

БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы:

— 1, 2 және 3-ші бала туылғанға —149 416 теңге;

— 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда  247 716  теңге төленетін болады.

Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы:

— 1 балаға 21 266 теңгеден — 22 649 теңгеге;

— 2 балаға 25 143 теңгеден — 26 777 теңгеге;

— 3 балаға 28 983 теңгеден — 30 867 теңгеге;

— 4 және одан көп балаға 32 859  теңгеден — 34 995 теңгеге ұлғаятын болады.

ЕСКЕРТУ: жұмыс істейтін аналардың бала бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақының мөлшері табыстарының мөлшеріне қарай анықталып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан төленеді.

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ:

Бірге тұратын 4 және одан да көп баласы бар отбасылардың бала санына қарай жәрдемақылардың мөлшері:

4 балаға 59 183 теңгеден – 63 030 теңгеге;

5 балаға 73 988 теңгеден – 78 798 теңгеге;

6 балаға 88 793 теңгеден – 94 565 теңгеге;

7 балаға 103 598 теңгеден – 110 332 теңгеге;

8 балаға 118 144 теңгеден – 125 824 теңгеге;

9 балаға 132 912 теңгеден – 141 552 теңгеге;

10 балаға 147 680 теңгеден – 157 280 теңгеге;

11 балаға 162 448 теңгеден – 173 008 теңгеге;

12 балаға 177 216 теңгеден – 188 736 теңгеге;

13 балаға 191 984 теңгеден – 204 464 теңгеге;

14 балаға 206 752 теңгеден – 220 192 теңгеге;

15 балаға 221 520 теңгеден – 235 920 теңгеге артатын болады.

Наградталған аналарға берілетін жәрдемақы:

«Алтын алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 27 321 теңгеден 29 097 теңгеге, «Күміс алқа» медалімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 23 629 теңгеден 25 165 теңгеге көбейтіледі.

АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР:

№1 тізім бойынша 34 779 теңгеден – 37 040 теңгеге;

№2 тізім бойынша 30 939 теңгеден – 32 951 теңгеге ұлғаяды.

 АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР

Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері  511 822 теңгеден 545 094 теңгеге; Социалистік Еңбек Ері 3 дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері 511 822 теңгеден 545 094 теңгеге; «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы», «Халық қаһарманы», «Енбек ерлері» 511 822 теңгеден – 545 094 теңгеге; Ұлы Отан соғысына қатысушылар 59 072 теңгеден – 62 912 теңгеге; Ұлы Отан соғысының мүгедектері 59 072 теңгеден – 62 912 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер 22 854 теңгеден –24 340 теңгеге; Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер 27 875 теңгеден – 29 687 теңгеге; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесіріне 16 541 теңгеден – 17 616 теңгеге; қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 16 947 теңгеден – 18 048  теңгеге; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін 7 864 теңгеден – 8 376  теңгеге;

Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар 22 854 теңгеден – 24 340 теңгеге; Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатындарға 4 542 теңгеден – 4 837  теңгеге; ҚР ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға 4 542 теңгеден – 4 837  теңгеге; Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 17 722 теңгеден 18 874 теңгеге арттыратын болады.

Жерлеуге берілетін біржолғы төлем жасына байланысты зейнетақы алушы немесе базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда 137 620 теңге төленетін болады.

Әнуар Илеспаев,

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және

бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша

департаментінің №2 зейнетақы және әлеуметтік

қамсыздандыру бөлімінің басшысы.                                       .

Базалық зейнетақы төлемінің 01.01.2025 жылдағы мөлшері

Базалық зейнетақы төлемі, оның ішінде еңбек өтілі бойынша:%ЕТКДМӨЛШЕРІ
10 жыл және одан төмен70%4622832 360
1172%*33 285
1274%*34 209
1376%*35 134
1478%*36 058
1580%*36 983
1682%*37 907
1784%*38 832
1886%*39 757
1988%*40 681
2090%*41 606
2192%*42 530
2294%*43 455
2396%*44 379
2498%*45 304
25100%*46 228
26102%*47 153
27104%*48 078
28106%*49 002
29108%*49 927
30 және одан жоғары болғанда110%*50 851

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *