Біле жүріңіз

КОРОНОВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Коронавирустық инфекция COVID-19 – ауа тамшы жолымен жұғатын жіті ауыр респираторлық инфекция. Инкубациялық (жасырын) кезеңі 10 күн. Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Аурудың ең көп тараған белгілеріне дене қызуы, шаршағыштық және құрғақ жөтел жатады. Көптеген жағдайларда(шамамен 80%) адамдар арнайы емдеулерсіз сауығып кетеді. Аурудың ауыр түрлері қарт адамдарда демікпе, диабет және жүрек аурулары бар адамдарда дами алады.

Вирус құрамында вирусы бар тамшылар арқылы жөтелу немесе түшкіру кезінде, сондай-ақ көзге, мұрынға немесе ауызға түсуі арқылы таралады. Вирусты тамшылар бетке және заттарға түсіп, содан кейін көзге, мұрынға немесе ауызға түсіп, келесі жанасқан адамды жұқтыруы мүмкін. Вирус заттардың бетіне түсіп, бірнеше сағат бойы өмір сүруге қабілетті. Вирус құрғақ және суық жағдайларда, сондай-ақ абсолюттік ылғалдылығы жоғары тропикалық жағдайларда тиімді беріледі. Коронавирустық инфекция қалай жұғады: — ауа тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде екі адамның аралығы жақын болса — байланыс жасау арқылы: қол алысу кезінде және беткі қабаттардан (мысалы, есіктің тұтқалары), азық-түлік өнімдері Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін төмендегі ескертулерді орындау қажет: — қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктерде бетперде кию; — қол гигиенасын сақтау; — әлеуметтік қашықтықты сақтау; — адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Коронавирустық инфекцияның ең көп кездесетін белгілері – дене қызуының көтерілуі (38 ° C дейін) және құрғақ жөтел. Кейде тамақ ауырып, шаршағыштық сезім пайда болып, буын ауруы, бас ауруы және ентігу сияқты белгілер пайда болады. Сирек кездесетін белгілер — мұрынның ағуы және диарея.

Аурудың симптомсыз өтуі Коронавирус инфекцияның симптомсыз түрі оң нәтиже көрсеткен жағдайда – ешқандай шағым болмайды, өкпені тексеру кезінле клиникалық белгілердің және патологиялық өзгерістер байқалмайды. COVID-19 симптомсыз формасын жұқтырған адамдар инфекция көзі болып табылады, сонымен бірге, оларда аурудың клиникалық белгілері 10 күннің ішінде байқалуы мүмкін. Егер коронавирус инфекциясынан оң нәтиже шықса және ауру белгілері болмаса, үйден шықпай-ақ, тіркелген емханаға ескеру қажет. Аурудың белгілері жоқ формасын жұқтырған адамдар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, учаскелік дәрігерлерінің бақылауымен үй жағдайында (үй карантині) медициналық бақылауға алынады.

Үйде карантинді ұйымдастыруға арналған шарттар: — жеке қорғаныс құралдарына қол жетімділік (медициналық маскалар, қолғаптар) және байланыс жасағандармен қауіпсіздік шараларын сақтау мүмкіндігі (қолды сабынмен жиі жуып, дымқыл тазалық жүргізу, бөлмені желдету); — үйде COVID-19 инфекциясынан кейін жоғары қауіп төнуі мүмкін адамдардың болмауы (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммундық жүйесі әлсіреген немесе жүрек, өкпе немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар). Үйде карантин ұйымдастырылған жағдайда, адам үйдегі карантин режимін сақтау бойынша міндеттерді өз мойнына алады және оны жеке қолы қойылған қолхатпен растайды. Үйдегі карантин режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер осы талаптарды орындау мүмкін болмаса, карантин карантиндік стационарда жүзеге асырылады.

Үй жағдайындағы карантиндегі адамдарға арналған нұсқаулықтар: — үйден шықпау; — егер пәтерде басқа отбасы мүшелері тұратын болса, есігі жабылатын, жақсы желдетілетін бөлмеде болу керек; бөлмеден тек қажетті процедуралар үшін аз уақытқа ғана шығуға рұқсат етіледі, бұл ретте ауыз бен мұрын медициналық маскамен жабық болуы керек; — түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды жабу керек, вирустың таралуын болдырмау үшін бір реттік сүлгімен жапқан жөн; осыдан кейін дереу қолды сабынмен жуу керек немесе құрамында спирті бар антисептикпен сүртіңіз; — тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе құрамында спирті бар антисептикпен сүртіңіз; — мүмкін болса, жеке дәретхананы пайдаланыңыз; — егер отбасы мүшелерінің біреуінде аурудың белгілері болса, COVID-19 бойынша  жедел жәрдемге қоңырау шалып, карантин туралы хабарлап, хабарласу себебін көрсету керек; Үй карантині ұйымдастырылған үйдің (отбасы) мүшелеріне арналған нұсқаулықтар: — карантин бөлмесіне кіре алатын үй шаруашылығы мүшелерінің санын азайту, созылмалы аурулармен ауырмайтын бір сау адамға артықшылық беру керек; — бөтен адамдарға баруды болдырмау; — үйдің барлық мүшелері қолдарын жиі жуулары керек; — карантин бөлмесіне кірер алдында ауызды және мұрынды жауып тұратын тығыз медициналық маска кию керек; егер медициналық маска дымқыл немесе кір болса, оны тез арада жаңа медициналық маскаға ауыстыру керек; — карантин бөлмесінде адаммен кез-келген байланыс кезінде бір рет қолданылатын қолғапты қолдану; — карантинге жатқызылған адамның бөлмесін күнделікті тазалау және дезинфекциялау; — карантиндегі адам қолданған заттарды пайдалудан аулақ болу. Медициналық бақылау: — күнделікті екі рет қоңырау шалу; — жалпы жағдайды, температураны бақылау, шағымдарды нақтылау, бақылау (жөтел, ентігу, әлсіздік, терлеу, диарея, бөртпе, миалгия және т.б.), сатурация (мүмкін болса); — қажет болған жағдайда видеобайланыс арқылы кеңес беру, бірақ 3 күнде 1 реттен кем емес. Ауру белгілер жоқ формасын жұқтырған адамдар оқшауланудың 10-шы күні мұрын жолдарынан алынған ПТР теріс нәтижесінен кейін медициналық бақылаудан алынады. ПТР жағындысының оң нәтижесін алғаннан кейін медициналық бақылау 10 тәулікке дейін жалғасады, содан кейін науқастан ешқандай белгілері болмаса, ол медициналық бақылаудан алынады.

Н.ҚАНАТ,
Шымкент қаласы Қаратау ауданының СЭББ жтекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *