Әрбір өзін өзі сыйлайтын кәсіпорын басшысы, үлкен немесе ұсақ бизнесті басқарса да, өз ісінің репутациясын ойлағаны жөн. Демек, оны, шығаратын өнім сапасы да, еңбектенуші ұжым мен оның өндірістік аймағына таяу мекендейтін халық денсаулығы қобалжытуы тиіс. Кәсіпкерлердің адам мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін және өндіріс зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік әрекеттердегі қауіп-қатерлері айқындау мен жоюдың, санитарлық ережелерді сақтауды қоса алғандағы жұмыстары мен қызметтері, зертханалық зерттеулер мен өнімді сынақтан өткізуінің барлық шаралар жинағы өндірісті бақылау шараларының комплексіне кіреді.
Ондірістік бақылау дегеніміз – өндірілетін
өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін
ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге
бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның
ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.
Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген
талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен
өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін
және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып
табылады.
Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 07.07.2020 ж. № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 51-бабына сәйкес «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында көзделген талаптарға сай өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға өз бетінше немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады.
Өндірістік бақылау мыналарды қамтиды:
1)өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу;
2)зертханалық тексерулер мен өлшемдер жүргізу;
— өндірістің адамға және оның денсаулығына әсер етуін бағалау мақсатында жұмыс орындарында, өнеркәсіптік алаң аумағында;
-санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін экологиялық өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша орындалған СҚА шекарасындағы атмосфералық ауаны;
— шикізатты, жартылай фабрикаттарды, қаптамалау материалдарын, тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын бұйымдарды, тарату желісіне, тарату желісінен, резервуарлардан түсу алдында сумен жабдықтау көзінен алынатын ауыз судың қауіпсіздігін, дайын өнімді және оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жинау, кәдеге жарату, жоюдың технологиялық процесі барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ бақылаудың қажетті дәйектілігін және толықтығын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарын бақылауды жүзеге асыру
3) Міндетті медициналық
қарап тексеруді гигиеналық оқытудан өтудің уақтылығын және толықтығын бақылау,
сондай-ақ жеке медициналық кітапшаларды есепке алу;
4) өнімнің (оның
ішінде келіп түсетін шикізаттың, қаптамалау материалдарының, тамақ өнімдерімен
жанасатын бұйымдардың) қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың бар
болуын, құжаттардың (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің, сәйкестік туралы
декларациялардың, сертификаттардың, ветеринариялық құжаттардың), сондай-ақ
рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе
қызметтің басталуы туралы хабарламаның қабылданғаны туралы талон) қолданылу
мерзімдерін бақылау;
5) тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіп-қатерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы өлшемшарттарын талдау және қауіп-қатерді басқаруды қамтамасыз ету үшін бақылаудың сыни нүктелерін анықтау
6) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы есепке алу және есептілігін жүргізу.
7) халықты,
жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын авариялық жағдайлар, өндірістің
тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылулары, объектінің қызметіне
байланысты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер
төндіретін жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік,
кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету
схемасын әзірлеу;
8) өндірістік бақылау
бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, технологиялық процестер
барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық,
токсикологиялық, вирусологиялық, радиологиялық, биологиялық қауіп-қатерлер мен
бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақтылығын бақылау.
9) Өндірістік бақылау
бағдарламасы объектіде бар қауіп-қатерлерді (тәуекел факторларын) есепке ала
отырып әзірленеді.
10. Аспаптық және зертханалық зерттеулерді дара
кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертхана базасында не «Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 07.07.2020 ж. № 360-VI ҚРЗ Кодекстің 20 бабының сәйкес берілген
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар зертхананы (сынақ орталықтарын)
тарта отырып жүзеге асырады.
Өндірістік бақылауды жүргізу үшін сынама
алуды және жеткізуді зертхананың (сынақ орталығының) маманы не объектінің
оқытылған персоналы жүзеге асырады.
Л.Туртаева, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
басшы орынбасары