Қоғам

ПЕДАГОГТЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ДАЯРЛАУ ӘДІСІ 

                     

Қазіргі таңда педагог даярлау процесін жетілдіру елімізде ғана емес,  әлемді алаңдатып  отырған  мәселе. Осыған орай  педагог даярлау әдістемесінің нәтижесі, қоғамның педагог мамандарға қоятын талаптарына жауап бере алуы керек. Сондай-ақ,  бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың жаңартылған жүйесі болуға тиіс.

Осы бағыттағы перспективалы және жаңартылған білім беру модельдерінің бірі — интернет арқылы онлайн және офлайн оқытуды интеграциялайды. Сабақ өткізудің, студенттердің бір-бірімен және педагогпен қарым-қатынасын, сондай-ақ,  оқу процесін қызықты, қолжетімді, түсінікті және нәтижелі ету үшін әртүрлі заманауи педагогикалық технологияларды біріктіруге мүмкіндік беретін субъектбағдарлы оқыту болып табылады. Субъектбағдарлы оқытудың негізгі бөлігін, студенттердің өз бетінше онлайн оқу процесі құрайды. Олар мезгіл-мезгіл офлайн сабақтарға қатысады, ұжымдық оқыту топтарында бетпе-бет жұмыс жасау нәтижесінде өз бетінше алған білімін жүйелеп, педагогикалық қызметтің қыр-сырымен танысады.   

Педагогтың субъектбағдарлы оқытудағы негізгі міндеті – студенттердің онлайн және офлайн оқуына қолайлы ахуал мен атмосфера жасақтау.  Ол үшін педагог оқу нәтижелерінің қолжетімділігі мен  өз бетінше оқу қабілетін арттыруы, педагогикалық стильді өзгертуі қажет.

Әрине, келтірілген қажеттіліктерді қанағаттандыратын, сондықтан педагог үшін нағыз шығармашылық болып табылатын, субъектбағдарлы оқыту процесін ұйымдастыру оңай емес. Оңай емес, алайда мүмкін! Бұл мүмкіндік білім жүйесіне қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістерге барабар субъектбағдарлы оқыту әдістемесін анықтау проблемасын шұғыл шешуді талап етеді. Субъектбағдарлы оқытуда  ойлау және іс-әрекет жасау, кез келген жағдайдан  шығуға даярлық, қабілеттерін қалыптастыруға  басымдық беріледі. Осыған байланысты, субъектбағдарлы оқытудың әдіснамалық  негізін бірнеше  принциптер құрайды: Атап айтқанда, құзіреттілік, экзистенциялық, эпистемологиялық, акмеологиялық,  тағы басқа.   

Жұмыстың негізгі бөлігінің мазмұнынан, субъектбағдарлы оқытудың көптеген кағидаларының қазіргі білім саласында белгілі бір дәрежеде қолданылатындығын көруге болады. Жұмыстың жаңалығы – педагог даярлау процесінің дәстүрлі, пәндерді оқыту түрінде емес, мазмұны дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы бойынша құрастырылатын және бағалауды міндетті нәтижелер (субъективті оқытудың әр кезеңі үшін зияткерлік полисубъектінің қалыптасуы) бойынша іске асыруға мүмкіндік беретін, эпистақырыптарды оқыту түрінде жүзеге асырылатындығы

Студенттерді ашық мәселерді шешуге белсенді конструктивті оқытудың негізгі қағидалары (әдістемесі) Ө Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да, математик-педагогтарды даярлау проограммасы бойынша М1501-10, М1508-10, М1501-11, М1501-12, 22, М1501-82 топтарында «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазылым» пәні бойынша сабақтар жүргізу барысында пайдаланылды (сынақтан өткізілді).

«Сан» эпистақырыбын белсенді оқыту сабақтары, ауыспалы құрамдағы коучинг және менторинг түрлерінде іске асырылды.

Шағын топтардағы оқу сабақтары, негізінен, «геометриялық фигура» эпистақырыбын микро-оқыту түрінде өткізілді. Студенттер, саны эпистақырыптың  параллель оқытуға болатын тақырыптарының санына сәйкес келетіг. ауыспалы микро-топтарға бөлінді. Топтың әр мүшесі кезек-кезек педагог рөлін (квази-педагог) қабылдап, «микол-сабақ» өткізді. Ал кейбіреуі бақылаушылар рөлін атқарып, микро-оқытудан кейін бірден кері байланыс беріп отырды. Топтың қалған мүшелері студенттер ретінде жұмыс жасады.

Жоғарыда аталған топтар студенттерін әзірленген әдістеме бойынша ашық мәселелерді шешуге оқыту нәтижелері; сабақтан тыс және сабақ барысында студенттердің өз бетінше құрастырған ашық мәселелері және оларды шешу кезінде алынған нәтижелер; субъектбағдарлы оқытудың жаңа фактілерді өз бетінше ашу негізінде математикалық білім алудағы және интеллектуалды полисубъект құзыреттілігін қалыптастырудағы рөлін айқын көрсетті.

            Әзірленген әдістемені қолданудың ең маңызды жетістігі, студенттердің «сан», «геометриялық фигура» эпистемаларын оқып-үйрену сабақтарында педагогикалық шеберлікке қол жеткізуге болатындығын түсінгендігі деуге болатындығы.

Студенттер мен магистранттардың көптеген пікірлерінің арасындағы біз үшін ең қызықты және өте маңыздысы «Сан, геометриялық фигура эпистақырыптары саласындағы ашық мәселелерді шешу процедурасы қиын, өте нәзік және қол жетімсіз болып көрінгенімен, осы сияқты ашық мәселелерді орта мектептерде де қарастыруға болады.” деген пікір болды.

Ұсынылып отырған жұмыстағы әдістеменің негізгі идеясы — «сан», «геометриялық фигура» эпистемалары, аналогия және индукция әдістерімен бірге барлық оқу пәндерін қамтиды; оларды оқып-үйрену кезінде әрбір студентті интеллектуалды полисубъект етіп шығарады.

Біз  алдыңғы бөлімде келтірілген пайымдауларды ескере отырып, студенттерді жоғарыда аталған эпистемалар саласындағы ашық мәселелерді шешуге белсенді конструктивті оқыту арқылы қазіргі педагогикалық білімнің сапасын арттыруға болады деген қорытындыға келдік.

Автор субъектіге бағытталған оқытудың қағидалары, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беруді 2023 – 2029 жылдары дамытудың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысымен бекітілген тұжырымдамасының 4-бөлімінде айтылғандай, “білім беру мекемелерінде адамның білім деңгейін жоғарылатып қана қоймай, жоғары адамгершілікті және жан-жақты дамыған, түлектің негізгі құзыреттеріне ие, динамикалық әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзінің шығармашылық әлеуетін өмірлік мүддесі үшін де, қазақстандық қоғамның мүддесі үшін де іске асыруға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін атмосфераны құруға мүмкіндік береді» деген сенім білдіреді.

Алданазар  Әмірбекұлы,
Шымкент қаласындағы  Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУдоценті,  педагогика ғылымдарының кандидаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *