Өмірдің өзі

Міндетті медициналық тексеру талаптары

Соңғы уақытта көптеген дәрігерлер, еңбекті қорғау мамандары еңбек ұжымдарында, оның ішінде еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті факторлары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарда міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды өткізудің объективтілігі турасында қызметкерлердің шағымдарымен, жүгіністерімен жиі ұшырасуда. Туындаған проблемаларды талқылау үшін: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы  «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы себеп қызметін атқарды. Қазақстанда еңбек жағдайларын басқару мен өндірістің зиянды және қауіпті факторлары жасайтын қауіптіліктерден болатын тәуекелдерді анықтау құралдарының бірі – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау болып табылады. Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттар денсаулыққа әрқашанда өзінің кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайда еңбек медицинасының қызметтері жұмыстың жұмыс істеушілердің денсаулығына, денсаулығын нығайту мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге әсер етуінің қолайсыз жайттарын жұмсартуға және жоюға бағытталған профилактикалық іс-шараларды әзірлеуде маңызды рөл атқарады. Еңбектің тиімді профилактикасына септігін тигізетін өзге де іс-шаралардың арасында міндетті медициналық тексеріп-қараулар оның ең пәрменді құралдарының бірі болып табылады. Міндетті медициналық тексеріп-қараулар (бұдан әрі – ММТ) мыналарға бөлінеді: алдын ала; мерзімдік; ауысым алдындағы. Олардың анықтамаларына қысқаша тоқталайық.

Алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қараулар жұмысқа немесе оқуға кірген кезде міндеттерді орындауға жарамдылықты айқындау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардан сақтандыру және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатымен жүргізіледі.

Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қараулар жұмыс істеушілердің денсаулығы жайкүйіне серпінді бақылауды, аурулардың бастапқы белгілерін өз уақытында анықтауды қамтамасыз ету, жалпы, кәсіптік аурулардан сақтандыру және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатымен жүргізіледі. Мерзімдік қарап –тексерулер  әрбір  6 ай, 12 ай сайын мерзілімділікпен белгіленген нысаналы топтарға байланысты  жүргізіледі.

Ауысым алдындағы міндетті медициналық тексеріп-қараулар жеке тұлғада аурудың бар-жоқтығын, денсаулығының жай-күйін, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, келген ауысымдағы жұмысқа жарамдылығын анықтау мақсаттарында жүргізіледі. Ауысым алдындағы және аусымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері осы Қағидаларға 4- қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердіауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық  қарап- тексеруді жүргізу журналында тіркеледі. Өз кезегінде профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар жаппай және таңдамалы болып бөлінеді, денсаулық сақтаудың кез келген медициналық ұйымы диспансерлеу тәртібімен жүргізеді. Міндетті және профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар бір-бірінен ерекшеленеді. Бірінші жағдайда Денсаулық кодексі жұмыскерді алдын ала ММТ-ден жұмысқа және оқуға кіріскен кезде, сондай-ақ қызметкердің еңбек қызметі кезінде жыл сайын, кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ кәсіптік аурулардан сақтандыру мақсатымен өтуге міндеттейді. Міндетті (мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды өткізу кезінде жұмыс беруші мен медициналық ұйымның арасында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалады, жұмыс беруші жолдама береді, мамандар жұмыс берушінің есебінен кәсіптік патология бойынша оқытылуы тиіс. Орындалатын жұмысқа жарамдылық туралы қорытындыны медициналық ұймның дәрігерлік комиссиясының төрағасы – дәрігер-кәсіптік патолог береді және қол қояды. Профилактикалық медициналық тексеріп-қараулардан өткен кезде пациент пен медициналық ұйымның арасында шарт жасалатынын, пациенттің өзі медициналық ұйым басшысының атына өтініш жазатынын, бұл ретте медициналық тексеріп-қарауды өткізетін дәрігерлік комиссия мүшелерін кәсіптік патология бойынша оқыту талап етілмейдігін, медициналық қызметтер көрсетуді қаржыландыруды жұмыскердің өзі жүзеге асыратындығын есепке алу қажет. Жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдердің, медициналық көрсетілімдер немесе медициналық шектеулердің жоқтығы (бар екендігі) туралы қорытындыны медициналық ұйымның терапевт-дәрігері береді және қол қояды. Егер медициналық тексеріп-қараудың нәтижесі жұмысқа қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытынды болып табылса, жұмыс беруші онымен еңбек шартын жасай алады. Егер үміткерде мұндай жұмысты орындауға қарсы көрсетілімдер айқындалса, жұмыс беруші қолда медициналық қарсы көрсетілімдер бар екендігі себепті еңбек шартын жасасудан, жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқылы және де бұл негізделген болып табылады және шағым беруге жатпайды. Қазіргі уақытта нормативтік-әдістемелік және заңнамалық құжаттардың критерийлерін біріздендіру және үйлестіру қажет. Талқыланатын проблема көп дәрежеде өндірістік ортаны бағалаумен айналысатын мамандарға: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге, МСЭҚ және СЭС санитарлық дәрігерлеріне, емдеу-профилактикалық мекемелер мен медициналық-санитарлық бөлімдердің дәрігерлеріне, дәрігер-кәсіптік патологтарға, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетушілерге қатысты. Мамандар жұмысшылар денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызды мәселелерінің бірі – бұл еңбек пен демалыстың физиологиялық ұтымды режимдерін негіздеу және дайындау, жоғалтқан денсаулықты қалпына келтірудің тиімділігіне арналған ұсынымдар әзірлеу екендігін түсінулері тиіс. Бұл іс-шаралар жұмысқа қабілеттіліктің табиғи құлдырауын баяулатуы тиіс. Өйткені жұмыскер денсаулығы жай-күйінің деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын анықтайды. Елдің экономикалық әл-ауқаты жұмыс істеуші халықтың денсаулығына тікелей байланысты. Елдің Еңбек кодексі бұл қызметтің функциялық міндеттерін еңбек жағдайлары мен жұмыскерлер денсаулығын қадағалау іс-шараларын жүргізу жолымен арттырады және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуге бағыттайды. Проблемаларды талқылау міндетті медициналық тексеріп-қарауларды өткізуге жаңа көзқарастартардың өзекті екендігін және оны қазіргі заманның талап етіп отырғандығын көрсетеді. Бұл тәсілдер ел экономикасының барлық салаларында жұмыскерлердің кәсіптік ауруларына, жарақаттануына жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдарға бағалы көмек көрсетеді.

Г.Б. Керимбаева, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасының жетекші маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *