Шымкент

САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкенттегі Бозарық саяжайы елді мекенінде тұратындарды көптен бері интернетке қатысты мәселе толғандырып келген-ді. Енді, міне, еліміздің басты мерекесі — Республика күні қарсаңында аталмыш аймақ тұрғындары қуанышқа кенеліп отыр. Саяжай аумағындағы 74 көшеге талшықты оптика желісі жүргізілді. Бұл аумақта 2 мыңнан астам тұрғын үй бар. Өтініш білдірген 300-ге жуық үй интернет желісіне қосылды. Қалған тұрғындардан да қосымша өтініштер түсуде. «Аз күннің ішінде олардың талап-тілектері де орындалады» дейді мамандар.

Кеңжолақты интернет желісіне қосылуға өтінімдер берілген жағдайда саяжай аумағы «СпецавтоматикаСервис» компаниясы тарапынан талшықты оптика желісімен толық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта Абай ауданына қарасты Бозарық шағын ауданының тұрғындары үшін де сапалы интернет желісін тарту жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *