Орманды және тоғайлы жерлерде от жағуға, ыдыстар мен қалдықтарды өртеуге, яғни жобаланған өртке карсы қашықтықтың шегінде, бірақ ғимараттар мен құрылыстарға дейін 50 метр қашықтықта өртеуге рұқсат етілмейді. Қалдықтар мен ыдыстарды жағу арнайы белгіленген орындарда, қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамының бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Елді мекендердің аумақтары мен ұйымдар шегінде өртке қарсы қашықтық ғимараттардың, құрылыстар мен ашық қоймалар, учаскелерге іргелес орналасқан тұрғын үйлер, саяжайлар мен басқа да құрылыс нысандары жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ағаш жапырақтарынан, құрғақ шөптен және басқа заттардан уақтылы тазартылып тұруы қажет.
Орман алқаптарында орналасқан елді мекендерде ғимараттар мен құрылыстар шегінде орман өрттерін алдын алу және шымтезек шоқтарын лақтыруға тыйым салатын іс-шаралар атқарылуы тиіс. Әрбір нысанда өрт сөндіруге арналған құрылғылардың орнатылған болуы тиіс.
Д. Искаков,
Еңбекші ауданының ТЖБ инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты