Шымкент

Өтінішін арқалап келгендерді…

  Қала әкім мұқият тыңдады. Дәстүрлі үрдістен ауытқымаған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков орынбасарларымен бірге кешегі аптада қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Арыз-шағымын арқалап келгендердің өтінішін қаладағы аудан әкімдері мен басқарма басшылары да тыңдады.

Тұрғындар тарапынан түскен өтініштердің көпшілігі мегаполистегі абаттандыру және коммуналдық-шаруашылық, бизнес жүргізу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, автомобиль жолдары, жер қатынастары және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Қала әкімі әрбір өтініштің егжей-тегжейлі қаралып, барлық шешімдер заң шеңберінде қабылданатынын атап өтті. Түйіткілді сұрақтардың басым бөлігіне қабылдау барысында жауап қайтарылып, түсіндірілді. Жалпы, бұл күні жауапты мекемедегі мемлекеттік қызметшілерден 250-ден астам тұрғын қажетті консультациялар, көмектер және кеңестер алды.

Мұндай қабылдаулар жергілікті атқарушы органдарға туындаған мәселелерге жедел ден қоюға мүмкіндік беретінін атап өткен қала басшысы қол астындағы жауапты тұлғаларға халықпен кері байланысты күшейтуді, ал туындаған мәселелерді шешу кезінде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *