Біле жүріңіз

Энергетикалық сусын – «тәтті у»

Энергетикалық сусынның зияны көптен бері айтылып келеді. Оған деген тәуелділік есірткіні еске түсіреді. Соған қарамастан, әсіресе жастар арасында энергетикалық сусынға деген құштарлық жойылар емес. Тіпті, жап-жас жігіттердің тосыннан ажал құшуының астарында да осы энергетикалық сусын жатқанын айтушылар көп. Мұны сатуға тыйым салу керек дегенмен, әзірге бұл талап толық орындалар емес. Бірақ шектеу бар. Бұл жөнінде Түлкібас аудандық полиция бөлімі төмендегідей мәтінде арнайы хабарлама жариялады.

«Құрметті кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары!

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады.

Осы талапты бұзу Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-1- бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Сауда орындарының иелерінен және сатушылардан сатып алушының жасына мұқият назар аударуды, қажет болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжатты талап етуді сұраймыз.

Жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз! Заң талаптарын сақтайық!».

Өте орында ескерту. Себебі бүгінде сауда орындары алушының жасына қарамай энергетикалық сусындарды сатып жатыр. Көше-көшеде оқушылардың, тіпті, төменгі сынып оқушыларының энергетикалық сусын ішіп жүргенін жиі байқауға болады. Осы тұста сусынды сатушылар қауіпті жағдайға өз перзенттерінің де үзеңгі салмасына ешкім кепіл бола алмайтынын түсінсе екен дейміз. Егер адамдар өздерінің, ұрпақтарының өмірлерін қатерге тіккісі келмесе, заң талаптарының толық орындалуына мойынсұнулары қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *