Шымкент пен Түркістанда қар жаумайтындай, қыс болмайтындай көретіндер аз емес екен. Сондайлар «анау айтқан қыс бола қоймас» деп арқаны кеңе салған ғой. Осылайша көліктеріне қысқа арналған дөңгелек «кигізбеген». Ақырында полииядан айыппұл арқалап жатыр.
Дәл осылай еткен Түркістан облыстық полициясы автокөліктерде қысқы доңғалақ болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартып отыр.
Қысқы маусым басталуына байланысты тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті сақтап, көліктерге «қысқы доңғалақ» орнату керектігін талай рет ескерткен. Бірінші желтоқсаннан бастап техникалық регламентті сақтамаған автокөлік жүргізушілеріне жыл сайын осылай айыппұл салынады.
— Қысқы доңғалаққа ауысу тек заң талаптарын орындау ғана емес, бұл жолдағы қиындықтардан аулақ болуға және өзіңіздің, басқалардың қауіпсіздігіне айтарлықтай көмектеседі. Көктайғақта жазғы доңғалақпен жүрудің салдары ауыр апатқа әкелуі мүмкін екенін еске саламыз. Көлік құралдарының жағдайын тексеріп, мезгілге сай дайындау қажет, — делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.