Шымкент

 ЖЫЛЫЖАЙДЫ ТҮРІКТЕР САЛАДЫ

Шымкентте ірі жылыжай кешені салынатын болды. Бұл қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен арадағы іскерлік келісімнің нәтижесінде жүзеге асатын жоба. «Бозарық» индустриялық аймағындағы құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық бұл жобаның шымкенттіктер үшін тиімділігі көп. Қазірдің өзінде екі тарап жылыжайдың көлемін 500 гектардан 600 гектарға дейін ұлғайту туралы келісімге келді. Түрік инвесторлары бұл аумаққа қызанақ пен қияр өсіретін ең үлкен жылыжай кешенін тұрғызбақ.

«Жобаның бірінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңға жуық, ал кешен толық іске қосылған соң 5 мың  жұмыс орны ашылады» дейді инвестор. Сонымен қатар, жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу жоспарланып отыр.

Инвестициялық жобалар жергілікті тұрғындарды жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді және бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, компания құрылыс уақытын қысқарту мақсатында қаламызда жылыжай салуға арналған құрылымдар шығаратын кәсіпорын ашуды көздеп отыр.

        

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *