Қоғам

Шымкент: Емханаға тіркелудің тәртібі бақылауда


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі барлық ықтимал қауіп-қатерді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесі кез келген күрделі жағдайға әрдайым дайын болуы үшін оған қолдау көрсету керектігін үнемі айтуда. Ауру-сырқаудың белгілерін бастапқы кезеңінде анықтау және тосын сын-қатерлерге дер кезінде назар аудару үшін әлеуетті арттыра беру қажет. Бұл орайда әрбір Қазақстан азаматының өзі тұратын аумақтағы емханаға тіркелуі, дер кезінде медициналық көмекке қол жеткізе алуы маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар жайлы сөз қозғағанда «Елімізде барлық баланы профилак­тикалық медициналық тексеруден өткізу ісі жолға қойылған. Әрбір ірі елді мекенде жастардың денсаулық орталықтары жұмыс істейді деуге болады. Жыл сайын үш миллионға жуық ересек адам скрининг және кәсіби тексеру бағдар­лама­сынан өтеді. Ауыл тұрғындарының меди­циналық қызмет алуына бірдей мүмкіндік жасау үшін біз бірқатар реформа жүр­гіздік. Нәтижесінде, 2018 жылдан бастап ауылдардағы алғашқы көмек көрсету пункттерінің саны 3 еседен астам көбейді. Сонымен қатар телемедицина және қашықтан мониторинг жасау сияқты цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бұл алғашқы медици­налық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады» деді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында Шымкент қаласында біртақатр нақты жұмыс жоспары қолға алынған.

Жақында қала әкімі аппараттық мәжілісте халық денсаулығын жақсартуға қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салып, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Аппараттық мәжілісте Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев жергілікті тұрғындарды медициналық ұйымдарға тіркеу, инфекциялық ауруларды алдын алу мен індетке қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстарын баяндады. Қала әкімі тиісті басқарма басшысына емханаларға тіркелуді талаптарға сай реттеп, заңсыздықтарға жол бермеу қажеттігін ескертті. 

Аталған мәжілісте қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б. Өнербаев волонтерлік жобаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков жауаптыларға еріктілердің жұмысына қолайлы жағдай жасап, оларды қолдау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Аппарат отырысында қала тазалығын сақтауда атқарылып жатқан жұмыстар да пысықталды. Бұл ретте сала басшыларына аудандардағы  тазалық шараларын жоспарға сай ұйымдастыру ескертілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *