Біле жүріңіз

Қызылша туралы не білесіз?

Қызылша – ауа тамшы жолымен жұғатын, ауыз, мұрын, көздің шырышты қабаттарының қабынуымен, дене қызуы жоғарылаумен және бастысы бөртпе шығуымен жүретін жұқпалы вирусты ауру.

Жұғу жолдары: вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда кез келген жаста ауруға шалдығу қаупі сақталады.

Қызылшаның белгілері: бұл ауру алдымен катаральді белгілерден, мұрын бітелуі, құрғақ жөтел және дене қызуы 39-40С-қа дейін жоғарылайды. Тамаққа тәбеті төмендеп, бала мазасыздана бастайды. Оған көздің шырышты қабығының қабынуы (коньюктивит) қосылып, бала жарыққа қарай алмайды. Ауру басталған соң 3-і күні ұртында тарыдай ақ дақтар пайда болады. Сол дақтар пайда болған соң  ұсақ, бір біріне ұқсап кететін, қосылуға бейім ақшыл бөртпелер шыға бастайды. Бөртпелер этапты яғни алдымен бетке, маңдайға, содан соң мойын кеудегн, ішке, қол аяққа шыға бастайды. Беті ісініп кетеді. Бөртпелердің осылай этапты түрде шығуы тек қызылшаға ғана тән.  Қызылша ауруы катаральді белгілері басталғаннан бастап, бөртпе шыққаннан соңғы 4 күнге дейін жұқпалы,5-і күні жұқпайды. Жазылу кезінде бөртпелер басынан бастап жойыла бастайды.

Асқынуы: қызылша ауруының асқынуы құлақтардың қабынуы (отит), пневмония, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және менингитке, тіпті соқырлыққа алып келуі мүмкін. Асқынуы 5 жасқа дейінгі балаларда және ересектерде жиі кездесіп, ауру ауыр өтеді.

Емі: жедел респираторлы аурулардың әсіресе қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Асқынбай тұрғандағы қызылшаны емдеу үшін төсекте жату режимі, суды көп ішу, қызуын түсіретін, тұмау және тамақ ауруын, қақырықты түсіретін препараттар мен витаминдерді қабылдау, үйді желдету және ылғалдылығын қамтамасыз ету. Ал қызылшаның асқынған түрін емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.

Қызылшаның алдын алу: қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12-15 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Қызылшаға қарсы екпе алған балаларда осы аурумен ауыруы мүмкін. Бірақ ол жеңіл өтеді және асқынуларға алып келмейді. Қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларда өте ауыр өтуі, тіпті өлімге алып келуі мүмкін.

Сондықтан аурудың, асқынудың алдын алудың сенімді бірде-біл жолы ол екпе, яғни, вакцинация.


М.Бейсенбаев, Тұран ауданының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқарма басшы                                                                          

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *