Мәселе Шымкент

Шымкентте «Уют»-ты алса ұят бола ма?!

«Өзге пікір» газетінің өткен нөмірінен «Көше атауларында кемшілік көп» деген мақаланы оқып, тәнті болдым. Шымкент қаласындағы көше аттары жайлы жақсы сараптама жасапсыздар. Кезінде тіл басқармасын, мәдениет басқармасын басқарған азаматтар көпшілікке «Шымкентте көше аттары бірізге түсірілді, реттелді» деп еді. Олардың жазылуы да тек қазақша екенін айтып сендірген. Көріп отырғанымыздай іс жүзінде олай емес екен. Атауы қате жазылған көшелер Шымкентте әлі де көп. Әсіресе жарнамалық тақтайшаларда қателер өріп жүр.

Мені толғандырып отырған сондай мәселенің бірі – 16 шағынауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің шатырында ілулі тұрған «Уют» деген жарнама жазу. Бұл 1975-80 жылдары осы маңда орналасқан жиһаз дүкенінің аты болатын. Көпқабатты тұрғын үйдің шатырына сол дүкеннің жарнамасы ретінде қойылған жазу. Қазір мұнда жиһаз дүкені жоқ. Барының бұл атауға қатысы шамалы.

Осынша жылдан бері Қазақстанда талай өзгеріс орын алды. Президент ауысып, Жаңа Қазақстан құру жолындамыз. Шымкентті де талай әкім басқарды. Бірақ 16 шағын аудандағы көпқабатты үйлердің шатырында «менмұңдалап» тұратын осы бір жарнамалық жазу сол күйі тұр. Бұл салғырттық па әлде немқұрайлық па? «УЮТ»- деген жарнамалық жазуды алып тастаса Шымкент Шымкент болмай қала ма?

Ақсәуле Алмасбек,

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *