Шымкент

Алғашқы көмекті көрсете аласыз ба?

 Төтенше жағдайлар Департаменттің әскери қызметшілері үшін де алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрену міндеттеледі. Ал мұндай сабақты кәсіби маман, медицина саласының мамандары жүргізгені тиімді. Сондықтан да Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің әскери қызметшілері алғашқы көмек көрсету даярлығына оқыту курсын «Авиценна» колледжінде өткізуде.

Колледждегі оқу курсы барысында қызметкерлер теориялық біліммен қатар, симуляциялық жабдықтарды пайдалана отырып, практикалық білім алуда. Оқу соңында қызметкерлеге алғашқы көмек көрсету дағдыларынан өткені туралы сертификат табысталатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *