Біле жүріңіз

Өндірістік бақылау деген не?


    Өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) — өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кіреді. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың  тиімді жүйесін әзірлейді, құжаттамалық ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында ұстайды. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшылары жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындап, бұйрық шығарады. Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын  және дәйектілігін субъектпен қамтамасыз етеді. Өндірістік бақылаудың негізгі мақсаты объектіде халықтың сан-эпид. Саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарының талаптарының сақталуына өзін-өзі бақылау ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

 Тізбелері «Халықтың сан-эпид саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 30.11.2020ж. №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен  бекітілген өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілер өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) объектілері болып табылады.

Өндірістік бақылауды (өзін-өзі бақылау) жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жүргізеді. Өндірістік бақылау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 51 -бап 5-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында  көрсетілген талаптарды қамтиды. Өндірістік бақылау бағдарламасы объектіде бар қауіп-қатерлерді (тәуекел факторларын) есепке ала отырып әзірленеді. Әзірленген өндірістік бақылау бағдарламасын заңды тұлғаның басшысымен, дара кәсіпкермен бекітеді.

Өндірістік бақылау бағдарламасы зертханалық зерттеулер мен сынамаларды дара кәсіпкер, заңды тұлға аккредиттелген зертханаларды тарта отырып жүзеге асырады.   

Өндірістік бақылауды жүргізу үшін сынама алуды және жеткізуді зертхананың маманы немесе объектінің оқытылған персоналы жүзеге асырады.

 Өндірістік бақылау  бағдарламасына қойылатын талаптарға тоқтала кетейін. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бекітетін  кәсіпорында немесе объектіде  өндірістік бақылаудың жүргізілуін бақылау бойынша функциялар жүктелген  лауазымды тұлғалар тізбесін;

-медицинлық қарап тексеруге, гигиеналық даярлыққа  және аттестаттауға жататын  жұмыскерлер  лауазымдарының тізбесін,

-өндірістік бақылауға жататын  қызмет түрлерінің тізбесін, оныі ішінде «Рұқсаттар мен хабарламалар» ҚР Заңына сәйкес рұқсат құжаттарының  немесе қызметінің басталуы  туралы  хабарлама болуы көзделген қызмет түрінің тізбесін;

— өндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін  қажетті нормалау құжаттарында белгіленген есепке алу және есептілік нысандарының тізбесін;

Химиялық заттардың, биологиялық физикалық және өзге де  қауіпті факторлардың, аадм мен оның тіршілік ету ортасы үшін әлеуетті қауіп-қатер төндіретін өндірістік  бақылау  объектілерінің тізбесін;

  • Зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алу жүзеге асырылатын бақылау нүктелерін және сынама алу мерзімділігін көрсете отырып, оларға қатысты зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді  ұйымдастыру  қажет бақылау  нүктелерінің (бақылаудың сыни нүктелелерінің) тізбесін;
  • Осы қағидалардың 5-тарауының ережелеріне сәйкес халықты, жергілікті атқарушы органдарды, халықтың сан-эпид.  салауаттылығы саласындағы мелекеттік органның аумақтық бөлімшелерін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылулары, объектінің қызметіне байланысты  халықтың сан-эпид.  саламаттылығына қатер төндіретін  жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және празиттік, кәсіптік аурулар мен  уланулардың  пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемалары;
  • дара кәсіпкерлер мен  заңды тұлғалар өндірістік бақылау бағдарлаасына осы санитариялық қағидаларда көрсетілгендерден басқа, қосымша шаралар кешенін,оныңішінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және адамдарға және тіршілік ету ортасына зиянсыздығына бағытталған зертханалық және аспаптық зерттеулердің көлемін, өлшемдері мен кезеңділігін енгізуге құқылы.

Ш.Айботаева,

Шымкент қаласы Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *