Шымкент

 «Босқа уәде бермеңдер!»

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков қоластындағы қызметкерлеріне осылай деп тағы да ескерту жасады. Аппараттық мәжілісте қала басшысы мемлекеттік қызметкерлерді адал жұмыс істеуге шақырып, «халыққа құрғақ уәде беруді тоқтатыңдар. Уәде береді екенсіңдер, оны орындаңдар!» деді.

Аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасары С.Құранбек мегаполистегі қоғамдық саяси ахуал туралы баяндады. Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Дәрібаева мектепке дейінгі ұйымдардың жағдайы жөнінде айтса, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов көпқабатты жатақханалардың қазіргі ахуалы жайлы баяндады. Қазіргі таңда білім саласында жүзеге асырылып жатқан ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімділігі қалада айқын байқалып келеді. Аз уақыттың ішінде балабақша кезегінде тұрған 4 646 бала мектепке дейінгі ұйымға жолдама алған. Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Дәрібаеваның айтуынша, мұндай нәтижеге балабақшада тек аты-жөні тіркелген 4 мыңнан астам жағдайды анықтау арқылы қол жеткізілді. Ваучерлік жүйе бойынша мектепке дейінгі ұйым баланың күнделікті келіп-кетуін табельге тіркеп отырады. Ал айдың соңғы күні ата-аналар электрондық табельді растап, қол қояды. Ата-анаға ED24 қосымшасына хабарлама түскен соң ғана қаражат мектепке дейінгі ұйым шотына аударылады. Осылайша, балабақша кезегінде тұрған балалар саны қысқарады. Жалпы, бұл жүйе ашықтықты қамтасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов көпқабатты жатақханаларда қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, бірқатар жатақхана әлі күнге дейін табиғи газға қосылмаған, әрі электр желілері ескірген. Салдарынан тұрғындар әлі күнге дейін газ баллон тұтынып, қауіпті жағдайда өмір сүруге мәжбүр. Қазіргі таңда басқарма тарапынан кейбір қауіпті үйлерді модернизациядан өткізу бойынша ұсыныс берілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *