Біле жүріңіз Мәдениет және өнер

Шымкенттегі «Қызыл трактор»

Бір ескерткіштің сыры

Шымкентте Қазыбек би көшесінде орналасқан А.Пушкин атындағы кітапхана (бұрын өлкетану музейі болған) ғимараты алдында тұрған Қызыл трактордың тарихын білесіз бе? Қайбір жылы музей басқа ғимратқа көшірілген кезде бұл жәдігер де өз тұғырынан алынып, Сайрам ауылындағы музейге қойылған. Өз орнынан алынуына қарсы шыққан қоғам белсенділері мен тарихшылар Қызыл тркатордың қайтадан Қазыбек би көшесіндегі тұғырына «оралуына» қол жеткізді.

Әйгілі Владимир (Ресейдегі) трактор зауыты соғыс жылдарында Қазақстанға көшіріледі. 1933 жылдан бері Ленинградтағы зауыттан «Красный путиловец» маркасымен трактор шығарып келген зауыт қазақ жерінде алғашқы техниканы «Универсал» атауымен 1945 жылы құрастырады. Оның алғашқысын Оңтүстік өлкесіне Сайрам ауданы сол кездегі Ленин колхозына жөнелтеді. Жалпы «Түркістан өлкесінде «Универсиал» атауымен шығарылған тракторлардың қазір 3 данасы сақталған, олар аудандық музейлерде» деген дерек бар.

Бір қызығы, бұл тракторлардың бөлшектері 1917 жылдары АҚШ, Ирландия және Ұлыбританиядағы Генри Форд зауыттары шығарған Фордсон тракторының бөлшектерімен құрастырылған дейді зерттеушілер. Соғыс жылдарында Сайрамда тылдағы еңбектің қарқынды жүруіне үлес қосқан Қызыл трактор 80-ші жылдары ескерткіш ретінде Қазыбек би көшесіндегі тұғырға орнатылған. Облыстық өлкетану музейінің ғимараты да сол кезде салынған.

Кезінде «Қызыл трактор» атауымен Шымкентте Молдақұл Нарымбетов, Виталий Симаков, Смайыл Баялиев және Арыстанбек Шалбаевтар мүшесі болған суретшілердің АРТ клубы да жұмыс істеді. Суретшілірдің бұл тобы өз көрмелерін «Қызыл трактор» тақырыбымен АҚШ-та да өткізгені бар. Ал кезінде 60 мемлекетке өз өнімін экспорттаған, 20 мыңнан астам жұмысшы еңбек еткен, 1988 жылы миллионыншы тракторды жасап шығарған, алып кәсіпорын – Владимир моторлы-трактор зауыты 2019 жылы жабылды. Ал Шымкентте сол зауыттың өнімі тарихи жәдігер ретінде сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *