Шымкент

Алдын алу шаралары қауіпті болдырмаудың кепілі

Шымкент қаласында мемлекеттік органдардың мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын басты назарға алған. Нәтижесі де жоқ емес.

Мұндай іс шара білім беру мекемелерінде де жүргізілуде. Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерімен өрт қауіпсіздігі туралы мағлұматтарды насихаттау мақсатында тұрақты негізде Ашық есік күнін өткізеді. Бұл жолы №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері «Академия Дана бала» бала-бақшасына барып, балаларға өрт сөндірушілердің қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын, арнайы жауынгерлік киімдерін көрсетті. Балаларға өрт сөндірушілердің тәулік бойы кезекшілік атқаратын жағдайлары көрсетіліп, өрт сөндіру техникасының, жауынгерлік киімнің мүмкіндіктері туралы айтылды. ТЖ қызметкерлері балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салды. Осылайша балалар сіріңкемен ойнауға, шөпті өртеуге болмайтындығына назар аударды. Сонымен қатар, балаларға «101» және «112» құтқару нөмірлері туралы да ақпарат берілді. Бұл телефон нөмірлерімен әзілдесіп ойнауға болмайтыны туралы де ескертті.

Қауіпсіздік сабағы қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болуы үш өрт сөндірушілер өртті сөндіру ережелерін, сөндіру әдістерін көрсетті. Өрт сөндіру техникасы балаларды қатты қуантты: олар үлкен қызыл машиналарға қуана-қуана мініп, өрт сөндірушілердің жабдықтарын сынап көрді және естелік ретінде суретке түсті. Балақайлар өз әсерлерімен де бөлісті.

Айта кету керек өткен аптада Шымкент қаласы ТЖД бастығы генерал-майор Қ.Базарбаев Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына қатысып, қоғамдық кеңес мүшелері алдында департамент тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы да мәліметтер берді.

Есепті кезеңде «112» және «101» телефондарына 197 905 астам қоңырау хабарлама түскен. Авариялық-құтқару жұмыстарына 2 224 жедел шығу жасалып, нәтижесінде 285 адам, оның ішінде 165 бала құтқарылды. Төтенше жағдай орын алған аймақтардан 59 адам эвакуацияланды. 211 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жыл басынан 145 төтенше жағдай тіркелді, оның 138 техногендік, 7 табиғи сипатта. Төтенше жағдай кезінде 21 азамат зардап шекті оның ішінде 6 адам қаза тапты. 134 өрт тіркеліп, өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды. Өрттен материалдық шығын 334 млн. 572 мың теңгені құрады, құтқару қызметімен 1 млрд. 740 млн. 250 мың теңгеге материалдық құндылықтар құтқарылғанын баяндады.

Қоғамдық кеңес отырысында Шымкент қаласының  ТЖД бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаев бірқатар сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытқа Департаменттің жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Ал осы кезде…

 ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжановтың  бастамасымен мәслихат депутаты Бөкейхан Әбішев, Газ техникалык қызметінің мамандары, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, аудандық  төтенше жағдайлар және полиция басқармалары, «QazaqGaz Aimaq» АҚ ШӨФ және үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші (ВДГО) мекемелерінің өкілдерімен бірге Шығыс шағын ауданындағы көпқабатты үй тұрғындарына улану жағдайларының алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шарт жасау міндеттілігі түсіндірілді. Қазір қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан түрлі деңгейде улану жағдайлары тіркелуде. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта барлық аудан аумағында жалғасады. 

Үй иесі газ тұтыну жүйелерінің, газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

 Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тиым салынады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *