Шымкент қаласында 16 қыркүйектен тұмауға қарсы егу жұмыстары басталды.
2024 жылдың 1 қазаны мен 2025 жылдың 30 сәуір аралығы – жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы. Осыған орай, тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен 150000 доза «Гриппол+» вакцинасы (өндіруші Ресей) сатып алынды.
Тұмауға қарсы халықтың келесідей осал топтары егіледі:
- медицина қызметкерлері;
- медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар;
- ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен сәбилер үйлерінің балалары;
- қарттар үйлерінің контингенттері;
- 2,3 триместрдегі жүкті әйелдер;
- эпидемиологиялық көрсетіліммен.
Тұмауға қарсы егу егілушінің немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісіммен дені сау кезінде тегін жүргізіледі.
ЖРВИ/тұмау клиникасының көріністері ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болатын жұқпалы ауру.
ЖРВИ/тұмаудың асқынуы салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда ауру өліммен аяқталады.
ЖРВИ/тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – тұмауға қарсы егу.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!
Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы,
Шымкент қаласының СЭБД басшысы