Шымкент

Сенбілік саябырсымайды

  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында Шымкент қаласындағы барлық ауданда сенбіліктер өтті. Қала көшелерінде шөптерді ору, қураған тал-бұтақтарды қырқу, ирригациялық жүйелер мен аулаларды тазалау, сыпыру, ойын алаңшаларын ретке келтіру, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қоқыс алаңшаларын жуу жұмыстары атқарылды.

Сенбілікке аудан әкімдік, коммуналдық сала қызметкерлері, үй басқарушылары, кәсіпкерлік нысан иелері және эко-белсенді жастар қатысты. Бадам өзені аумағын тазалауға 200-ден астам адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 100 тоннадан астам қоқыс Ақтас полигонына жеткізілді. «Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз. Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған қоқыс алаңшаларына құрылыс қоқыстарын тастамауларыңызды сұраймыз», — дейді сенбілікке қатысушылар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *