Біле жүріңіз

Мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын қандай талаптар бар?

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беруді, тәрбиелеуді қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сай жұмыс жасауды қажет етеді.

Осы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және объектінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауа баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтану жағдайларына, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, балаларды медициналық қамтамасыз етуге, меншік нысанына қарамастан балалар толық, толық емес, тәулік бойы болатын барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардағы және сәбилер үйлеріндегі персоналды медициналық тексеріп-қарауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Санитариялық қағидаларда берілген талаптарға қысқаша тоқталып өтетін болсақ, жалпы мектепке дейінгі ұйымдар жұмысқа кірісуден алдын талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық  қорытынды алуы тиіс. Нысанның ғимараттары сумен, жарықпен, жылыту және ауа баптау жүйелерімен толық жабдықталуы тиіс. Нысанның аумағы таза ұсталып, қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді, су өткізбейтін төсемі бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады. Нысанда дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жәндіктердің, кенелердің және басқа да буынаяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді.

 Жобалау кезінде мектепке дейінгі ұйымдарда жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамына киім шешетін бөлме, ойын, жатын бөлмесі, буфет-тарату орны, дәретхана кіреді. Объектілер ғимараттарының бірінші қабатында медициналық үй-жайлар және изолятор көзделуі тиіс. Ғимараттардың жертөле және цоколдық қабаттарында балалар болатын үй-жайларды және медициналық мақсаттағы үй-жайларды орналастырмайды.

Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Объектілерде ойын, оқу кабинеттері үстелдермен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталуы тиіс.     Ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтар балалардың бойы мен жасына сәйкес келеді, үшкір шығыңқы жерлері мен ақауы болмайды, уақтылы жөнделеді. Жабдықтың бетінің жабыны суға төзімді материалдан көзделеді.      Жабдықтың жиыны, саны және өлшемін объектілердің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет көрсететін персоналдарға жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін жағдайлар жасалады.   Қол жуу үшін ыстық және салқын су келтірілген, қолды жууға және кептіруге арналған құралдары бар жуынатын раковиналар орнатылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда  өзін-өзі бақылау үшін  нормалау құжаттарының яғни ҚР ҰЭМ  2016 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылып жүргізілуі тиіс.

Ал санитариялық қағидалардың талаптарын орындау осы салаға байланысты барлық жеке және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін міндетті болып табылатындығын ұмытпайық!!!


А.Монтаева, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *