Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек бұзылу жайын ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да ескертеді. Сонымен бірге қарсы немесе артта келе жатқан көлік жүргізушілерінің белгі беруі сіз байқамаған қауіп туралы хабар болуы мүмкін.
Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана апат кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан басталады. Төгілген бензин бақытсыздыққа әкелген оқиғалар аз емес, кейде жанармайдың жалынға айналуына гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті. Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.
Гаражға мынандай заттарды сақтауға шектеу қойылады:
— 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға,
— гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге,
— қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға,
— бөлшектерді керосинмен, бензинмен, т.б. жанғыш заттармен жууға,
— пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйым салынады.
Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті, өйткені мұндай кезде бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды клемдерге берік бекіту керек. Жол қозғалысы ережелерінде жанар май құю кезінде қозғалтқышты сөндіру қажеттігі ескертілмеген, бірақ бұл ережені әр жүргізуші білуі тиіс. Бұл өрт шығу қаупін туғызады.
Д. Искаков,
Еңбекші ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты