Біле жүріңіз

Көршінің малы егістікке түссе

     не істеуге болады?»

Редакциямызға өзін Бәйдібек ауданы Екпінді ауылының тұрғыны, «Кеңес» шаруа қожалығының төрғасы Мақсат Сағындықов деп таныстырған азамат хабарласты. «Егістік жеріме көршінің малдары қайта-қайта түсіп, таптап кетіп жатыр, не істеуім керек? Өз бетімше шара көрсем кінәлі болып қаламын. Айыппұл қарастырылған ба?», — дейді оқырман.

Оқырманның өтінішіне орай тиісті бірнеше мекемеге хабарластық. Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі берген жауапты оқырман назарына ұсынамыз:

«Бұл жайт бойынша көршіңіз полицияға немесе 102 жедел желісіне арыздануына болады. Тексеру барысында төрт түліктің ауыл шаруашылығы дақылдарын бүлдіріп немесе жойып, екпелерді зақымдағаны дәлелденсе, үй жануарының иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, 78 640 теңге айыппұл салынады.»Бұл жайт бойынша көршіңіз полицияға немесе 102 жедел желісіне арыздануына болады. Тексеру барысында төрт түліктің ауыл шаруашылығы дақылдарын бүлдіріп немесе жойып, екпелерді зақымдағаны дәлелденсе, үй жануарының иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, 78 640 теңге айыппұл салынады.

Ал малдарын қараусыз қалдыру дерегі анықталса, әкімшілік хаттама рәсімделіп, 11 796 теңге айыппұл арқалайды» делінген жауапта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *