Қоғам Шымкент

Көзін тапқанға ешкі де табыс көзі

     

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының және қаланың ешкі шаруаларының ұйымдастыруымен биыл ерекше бір көрме өтті. «Сексек ата» деп аталатын көрмеге көрермен көп жиналды. Шаруалармен қатар қала тұрғындары да көрмені қызықтап, өздеріне қажетті көп малұмат алды. Көрменің мақсаты — асыл тұқымды ешкілерді дәріптеу болды. Сүттілігі, еттілігі, сүтінің майлылығы, сүтінің дәмділігі және сұлулығы бойынша көрмеге қойылған ешкілерге арнайы баға беріліп, шаруарлар арасында байқау ұйымдастырылды.

Ешкі көрмесіне қала аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтардан және көрші облыстардан ешкі асыраушылар жиналды. Көрмеге қойылған 51 ешкіге жиналғандар таң-тамаша болысқаны рас. Себебі, олар кілең асыл тұқымды, сүтті, ерекше ешкілер. Атап айтқанда, Заанен, Альпи, Биталь, Чех тұқымды ешкілер көрменің көркін келтірді. Англо нуби тұқымды ешкіні де қызықтаушылар көп болды. Ешкі өсіруші шаруалар өзара тәжірибе алмасып, асыл тұқымды мал басын арттырудың жолдарын талқылады. Өз ауласында сүтті ешкі өсіріп, пайда тауып отырған жеке азаматтар да бұл көрмеден көп мағұлмат алды. Асыл тұқымды ешкілерді қалай бағып-қағу керектігі туралы көп кеңес айтылды.

Көрмеде ешкілерді бағалау жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаздар арнайы жүлделермен (кубок, медаль, грамота) марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *