Біле жүріңіз

Мемлекеттік қызмет көрсету


«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелген.

Бұйрыққа сәйкес объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімі-10 жұмыс күнінде қаралатынын назарға алуыңызды сұранамыз.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарағаннан кейін, оң қорытынды болған кезде нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды рәсімдейді және береді, не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден18.30-ға дейін.

2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Б.Орашова,

Абай ауданының СЭББ бас маманы.                 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *