Әлеумет

Зейнетақы мен жәрдемақы көбейеді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап…

      «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.

        —  Айлық есептік көрсеткіш  (АЕК) –  3 692 теңге;

        —  Ең төменгі зейнетақы   –  57 853 теңге;

        —  Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД)  –  43 407 теңге;

        — Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері –  28 215 теңге.  

        Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы  Әнуар Ілеспаевтің айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері біршама өзгерді.

        Жасына және еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негізгі мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап  9 пайызғаарттырылады. Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 айлық есептік көрсеткішті (203 060 теңге) құрайтын болады. Зейнетақы төлеміне қосымша төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 205-бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД-нің) жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленетін болады. Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне он және одан аз жыл қатысқан, ол болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 пайызы (бұған дейінгі 60 пайыздың орнына) мөлшерінде анықталатын болады. Он жылдан асқаннан кейінгі әрбір толық жылға 2 пайызға, бірақ  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде берілетін болады. (бұған дейінгі 100 пайыздың орнына). Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне қатысты бұл өзгеріс 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған және 2024 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жаңадан тағайындалатын зейнеткерлерге де қатысты болады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 28 215 теңгеден 45 578 теңгеге дейінгі аралықта анықталып арттырылады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігіне және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

І топқа          89 248 теңгеден — 95 496 теңгеге;

ІІ топқа        71 398 теңгеден — 76 397 теңгеге;

ІІІ топқа       48 681 теңгеден — 52 089 теңгеге;

7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 65 313 теңгеден — 69 886 теңгеге артады.

7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:

І топ   89 248 теңгеден — 95 496 теңгеге;

ІІ топ  74 283 теңгеден — 79 435 теңгеге;

ІІІ топ  65 313 теңгеден— 69 886 теңгеге көбейеді.

Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге 65 313 теңгеден —  69 886 теңгеге;

І топтағы мүгедекке күтім жасаушыға 65 313 теңгеден — 69 886 теңгеге артады.  

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:

1 балаға   37 322 теңгеден —   39 935 теңге;

2 балаға   68 964 теңгеден —   73 792 теңге;

3 балаға   91 276 теңгеден —   97 666 теңге;

4 балаға   105 475 теңгеден —  112 859 теңге;

5 балаға   111 560 теңгеден —   119 370 теңге;

6 және одан көп балаға 121 701 теңгеден – 130 221 теңгеге көбейтіліп төленетін болады.

Тұл жетімдер:

 Әр балаға бөлек —  66 847 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің артуына байланысты келесі әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері артады.

 БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар.

— 1, 2 және 3-ші бала туылғанда — 140 296 теңге;

— 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда  232 596 теңге төленетін болады.

Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы:

— 1 балаға  19 872 теңгеден — 21 266 теңге;

— 2 балаға  23 495 теңгеден — 25 143 теңге;

— 3 балаға  27 083 теңгеден — 28 983 теңге;

— 4 және одан көп балаға 30 705 теңгеден —  32 859 теңге ұлғаятын болады.

ЕСКЕРТУ: жұмыс істейтін аналардың бала бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақының мөлшері табыстарының мөлшеріне қарай анықталып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан төленеді.

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ:

Бірге тұратын 4 және одан да көп баласы бар отбасылардың бала санына қарай жәрдемақылардың мөлшері:

4  балаға  55 304 теңгеден – 59 183 теңгеге;

5  балаға  69 138 теңгеден – 73 988 теңгеге;

6  балаға  82 973 теңгеден – 88 793 теңгеге;

7  балаға  96 807 теңгеден – 103 598 теңгеге;

8  балаға  110 400 теңгеден – 118 144 теңгеге;

9  балаға  124 200 теңгеден – 132 912 теңгеге;

10 балаға 138 000 теңгеден – 147 680 теңгеге;

11 балаға 151 800 теңгеден – 162 448 теңгеге;

12 балаға 165 600 теңгеден – 177 216 теңгеге;

13 балаға 179 400 теңгеден – 191 984 теңгеге;

14 балаға 193 200 теңгеден – 206 752 теңгеге;

15 балаға 207 000 теңгеден – 221 520 теңгеге артатын болады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы.

«Алтын алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 25 530 теңгеден 27 321 теңгеге; «Күміс алқа» орденімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 22 080 теңгеден 23 629 теңгеге көбейтіледі.

АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР:

№1 тізім бойынша  32 499 теңгеден – 34 779 теңгеге;

№2 тізім бойынша  28 911 теңгеден – 30 939 теңгеге ұлғаяды.

АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР.

Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері  478 274 теңгеден 511 822 теңгеге; Социалистік Еңбек Ері 3 дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері 478 274 теңгеден 511 822 теңгеге; «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы», «Халық қаһарманы», «Енбек ерлері» 478 274 теңгеден – 511 822 теңгеге; Ұлы Отан соғысына қатысушылар 55 200 теңгеден – 59 072 теңгеге; Ұлы Отан соғысының мүгедектері 55 200 теңгеден – 59 072 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер 21 356 теңгеден – 22 854 теңгеге; Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер 26 048 теңгеден – 27 875 теңгеге; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесіріне 15 456 теңгеден – 16 541 теңгеге; Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 15 836 теңгеден – 16 947 теңгеге; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін берілетін жәрдемақы 7 349 теңгеден – 7 864 теңгеге; Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар 21 356 теңгеден – 22 854 теңгеге; Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатындарға 3 692 теңгеден – 4 542 теңгеге; ҚР ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдар 3 692 теңгеден – 4 542 теңгеге; Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 16 560 теңгеден 17 722 теңгеге арттырылатын болады.

Жерлеуге берілетін біржолғы төлем жасына байланысты зейнетақы алушы немесе базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда 129 220 теңге төленетін болады.

Әнуар  Ілеспаев,

Енбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы

Бойынша департаментінің бөлім басшысы.

Базалық зейнетақы төлемінің 01.01.2024 жылдан мөлшері

Базалық зейнетақы төлемі, оның ішінде еңбек өтілі бойынша: % ЕТКД МӨЛШЕРІ
10 жыл және одан төмен 65% 43 407 28 215
11 67% * 29 083
12 69% * 29 951
13 71% * 30 819
14 73% * 31 688
15 75% * 32 556
16 77% * 33 424
17 79% * 34 292
18 81% * 35 160
19 83% * 36 028
20 85% * 36 896
21 87% * 37 765
22 89% * 38 633
23 91% * 39 501
24 93% * 40 369
25 95% * 41 237
26 97% * 42 105
27 99% * 42 973
28 101% * 43 842
29 103% * 44 710
30 және одан жоғары болғанда 105% * 45 578
31 105% * 45 578
32 105% * 45 578
33 105% 43 407 45 578

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *