Құқық

Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату — әрбір азаматтың абзал борышы


Тіл – адам ойы мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі, қыры мен сыры мол қатынас-құралы. «Тәрбие басы – тіл» дейді Махмұд Қашқари.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе?
Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз.
Ана тілім – ерлігім
Aна тілім – елдігім
Ана тілім — болмаса,
Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай Ана тілімізді құрметтей білейік.
1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Еліміз өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл турал» заңы қабылданып, заңда қазақ тілі мелекеттік тіл ретінде танылды. Содан бері барлық мемлекеттік мекемелер мен меншік нысандарында іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ел Президенті Қ-Ж.Тоқаев БҰҰ-ның мінберінде өз баяндамасын қазақ тілінде жасады, ресми іссапарларында да баяндамаларын ана тілінде жасап келеді. «Біз мемлекетіміздің тіліміздің қолданысын кеңейту үшін бар күш-жігерімізді аянбай жұмсауымыз керек» деді. «Тіл – қарым-қатынас құралы», сол себепті тіл білу арқылы сол мемлекеттік мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білетінің даусыз.
Президентіміздің полиглот екендігі және кейінгі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. «Өзге тілдің бәрін білсеңде өз тіліңді құрметте» демекші өз тіліміз ананың ақ сүтімен, атамның қанымен бойымызға сіңген асыл қасиетіміз.

З.Азнаева

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *