Оқшау ой

ТОҢДЫ ТЕСІП ҚОЮ КЕРЕК

Оқшау ой

Еліміздің көптеген өңірінде сәуір тәуір болмай тұр. Көктемнің екінші айының келуімен басталған тасқынға әлі тоқтау болар емес. Осыған байланысты Президенттен бастап қарапайым адамдарға дейін өздерінің ойларын, пікірлерін білдіріп, болған жағдайға байланысты ұсыныстарын айтуда. Бірі дөп айтса, бірі жүйесіз көп айтуда.

Мен де үнсіз қалмай, өз өмір тәжірибемде кездескен, көрген-білгенімді ортаға салғанды жөн көрдім. Тасқын қалың жауған қардың салдарынан болатыны белгілі. Еліміздің Батыс, Шығыс, Солтүстік пен Орталық аймақтарында қыс бойы жауған қардың қалың болып, мұзға айналатынын ешкім жоққа шығармайды. Күн қатты суық болғанда жердің тоңы 1-2 метр тереңдікке дейін жетеді. Күн жыли бастағанда еріген қар жерге сіңбеуі салдарынан сай саланы қуалап, тасқынға айналады. Осындай тасқынның алдын алу үшін кеңес заманында мұздақтардың сай жерлерін бұрғылап тесіп тастайтын. Бұрғылау тоң астындағы жұмсақ топырақ басталғанша жалғасатын. Содан еріген қардың суы сай жерге жиналып, бұрғыланған тесіктер арқылы жерге сіңіп кететін. Ал қазір еріген қардың суы жерге сіңбей тасқынға айналуда. Мұны табиғат апатына балағанымызбен, алдын алуға болатын еді. Бұрынғы білікті кадрлар қартайды, жастар жұмыс тәсілін білмейді, білмегенін сұрауға ұмтылмайды. Салдары осы.

Хасен Тұрлыбеков,

Отырар ауданы.  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *