Медициналық қарап-тексеру ауруларды, оның ішінде кәсіптік ауруларды,улануларды, жазатайым оқиғаларды анықтауға және олардың таралуының алдын алуға, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлармен (кәсіптер мен жұмыстардың тізбесі) жұмыс істейтін жұмысшылардың міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қрап-тексерулердің өтуі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істейтіндерге мерзімдік қарап-тесеру жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық ( оның ішінде көліктегі) бөлімшелері:
-медициналық қарап-тексерулердің толық қамтылуын,сапасын және уақытылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады:
— жұмыскерлкрдің медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытуға қатысады;
-мыңалардың:
Жұмыскержұмыс істейтін ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйымның;
Жұмыскелер тіркелген орны бойынша медициналық ұйымның;
Кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымның;
Жұмыскерге жұмыс берген жеке және заңдытұлғалардың сұраусалуы бойынша еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.
Медициналық ұйым медициналық қарап-тексеруді жүргізу үшін дәрігерлік комиссияның құрамын құрады және бекітеді және зиянды өндірістік факторлардың ерекшелегін ескере отырып, зертханалық және басқада зерттеулердің түрі мен көлемін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісілген медициналық қарап- тексеруге жататын контигенттің тізімдерін алғаннан кейін дәрігерлік комиссияның жұмыс уақыты менмерзімдерін айқындайтын күнтізбелік жоспар (бұдан әлі жоспар) жасайды. Жоспар ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі. Дәрігерлік комиссия құрамына мынандай медицина қызметкерлері кіреді: кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог,оториноларинлолог, офталмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика жөніндегі дәрігер, дәрігер- зертханашы.
Дәрігерлік комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіптік қайта даярлаудан өткен және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады. Дәрігерлік комиссияның жұмысына кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен басқа да мамандар
(стоматолог,кардиолог,аллерголог,эндокринолог,фтизиатр,гематолог) тартылады. Медиицналық-қарап тексерулерге қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған өндірістік факторлар сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысады.
Медициналық қарап-тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде дәрігерлік комиссияның төрағасы нәтижелерді қорытындылайды,осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4-данада қорытынды акті жасайды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық ( оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне ұсынады.
Қорытынды актіге басқа жұмысқа ауыстыру ұсынылған,стационарлық және санаторийлік- курорттық емдеу, емдеу –профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың атауы тізімге қоса беріледі.
Қорытынды актіге медициналық ұйымның басшысы қол қойғаннан кейін орындау үшін ұыймның (кәсіпорының) әкімшілігіне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық ( оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне жіберіледі, бір данасы медициналық қарап- тексеру жүргізген медициналық ұйымда қалады. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды өткізуге жаңа көзқарастартардың өзекті екендігін және оны қазіргі заманның талап етіп отырғандығын көрсетеді. Бұл тәсілдер ел экономикасының барлық салаларында жұмыскерлердің кәсіптік ауруларына, жарақаттануына жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдарға бағалы көмек көрсетеді.
Г. Б. Керимбаева,
Еңбекші ауданының СЭББ-ның жетекші маманы.