Біле жүріңіз

Қардан тазартуға техника дайын

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек алдағы қыста Шымкент көшелерін қардан тазартуға дайындық жұмыстарының барысы жөнінде айтып өтті.

Қаланы қардан тазарту жұмыстары 5 аудан мен жайлы ортаны дамыту басқармасының тарапынан жүзеге асырылады. Жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 891 шақырымды құрайтын 4900 магистральды көше бар. Көшелердің санитарлық және механикалық тазалау шаруаларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жұмыс істейтін 5 кәсіпорын атқаруда. Олар тарапынан 200 арнайы техника жабдықталған, бәрі дайын тұр. Сонымен бірге орталық көшелерді тазалау жұмыстарына мердігер мекемелер тарапынан күнделікті 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылатын болады.

Қаланың Абай ауданы бойынша қар күреу жұмыстары 8 бағытта ұйымдастырылады. Аудандағы аумағы 357,2 шақырымды құрайтын 80 магистральды көшенің тазалау жұмыстарына 37 арнайы техника жұмылдырылады. Әл-Фараби ауданы бойынша  жұмыстар 5 бағытта жүреді.  Ауданға қарасты ұзындығы 147,4 шақырымды құрайтын  109 магистральды көшенің тазарту жұмыстарында 42 арнайы  техника жұмыс істейді. Еңбекші ауданында жұмыс 5 бағытта ұйымдастырылады.  Жалпы ұзындығы 221,6 шақырым болатын 83 магистральды көшенің тазалық жұмыстарын 49 техника атқаратын болады. Қаратау ауданы бойынша жұмыс 5 бағытта жүреді. Жалпы ұзындығы  181,1 шақырымды құрайтын 83 магистральды көшеде тазалық жұмыстарына  53 арнайы техника жұмылдырылады.  Тұран ауданы бойынша жұмыс 6 бағытта ұйымдастырылады.  203,3 шақырымды құрайтын  111 магистральды көшеде тазалық жұмыстарын  62 арнайы техника атқаратын болады.

Инертті материалдар қоры бойынша 25 мың текше метр құм, 15 мың тонна  тұз сатып алынған. Күрелген қарды шығару үшін арнайы орындар дайындалып жатыр.

Д. ОРАЗ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *