Өткен аптада Шымкенттегі тергеу орындарының өндірісінде жалпы 177 іс тіркелген, оның 3-еуі сотқа жолданған. 63 іс алаяқтық бойынша, 44 іс – ұрлыққа, 11 іс – есірткінің заңсыз айналымына, 9 іс жол-көлік оқиғаларына байланысты. Алаяқтықтың негізгі бөлігі – интернет-алаяқтық, 43 істі құрап отыр. Түрлі мекемелердің қызметкерлері ретінде хабарласып, тұрғындарды алдау тыйылар емес. Мысалы, Д. есімді азаматқа «электросеть қызметкерімін» деп хабарласқан белгісіз біреу коммуналдық ақы ретінде оның 10 мың теңге қаражатын алдап иемденген.
Қалада көлік жүргізушілердің телефонға алаңдап адам қағып кету, автокөлікпен соқтығысу оқиғалары да азаймай тұр. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолды рұқсат етілмеген жерден өтуі бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген.
Бұл жөнінде БАҚ өкілдеріне арналған брифинг кезінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Д. ОРАЗ.
