Қоғам Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ 5 ЖЫЛДА 227 ИНВЕСТ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде нарыққа қатысушылардың бәрі батыл әрі шұғыл шаралар қабылдауға тиіс екендігін атап өткен еді. «Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. «Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек. Есесіне елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн. Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады» деді Президент.

Бұл орайда Мемлекет басшысы әр аймақта құрметке лайықты кәсіпкерлердің барын айта келе ондай азаматтар нағыз қолдауға лайық екенін, ісін елге танытып, кәсібін мемлекеттік деңгейге шығару керектігін тапсырды. «Ірі және орта бизнес саласында жүйелі жұмыс жүргізу керек. Осы екі бағыт экономикалық саясаттың аса маңызды жаңа бағдарына айналуға тиіс» деді Президент. Бұл екі тарапқа да тиімді. Елдің экономикасын дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлердің жобалары дәйім қолдауға ие.

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын 227 инвестициялық жобалардың базасы жасақталған. Инвестициялық ресурстардың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Жобалардың жалпы құны 1,7 трлн. теңгені құрайды. Бұл дегеніміз жаңадан 18 мыңнан аса жұмыс орнының ашылуына негіз болады деген сөз. Мамандар оның ішінде құны 129 миллиард теңгені құрайтын 49 инвестициялық жобаны биыл іске асырып, 2500 жаңа жұмыс орнын ашу ісі қарқын алғанын айтуда.

Биыл қаңтар-наурыз айларында қалалық әкімдіктің тиісті басқармасы тарапынан 84,8 млрд. теңгеге келіссөздер жүргізіліп, мегаполиске даму стратегиясы нақтыланған инвестициялық жобалар тартылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *