Басты жаңалықтар Мәселе

Жетісайлық бала мектепке барды ма?

Естеріңізде болса былтыр күзде TikTok желісінде Жетісайда базар ішін кезіп түрлі қара жұмысқа жегілген жеті жасар баланың видеосы қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Әлеуметтік желіні шарлап лезде кең таралған сол видеода арба сүйреткен балағай өзінен кейін тағы бір інісі барын, құжаттары дұрыс болмағандықтан мектепке де бала бақшаға да бармағандарын айтқан-ды.

Кеше –1 қыркүйек Қазақстанда Білім күні өтті. Жаңа оқу жылы басталды. Көптің көкейіндегі «Жетісайдағы 7 жасар бала биыл мектепке барды ма?» деген сауалға біз де жауап іздеп көрдік. Былтыр Жетісайда базарда арба сүйретіп жүрген бала биыл 8 жаста, інісі – 6 жаста.

Мәселенің мән-жайын әлеуметтік желіге тараған видеоны көре сала анықтауға кіріскен Балалар құқықтарын қорғау комитеті былтыр желтоқсан айында балақайларды қамқорлықтарына алып, денсаулығы тексеруден өткізгендерін, құжаттарын реттеп бергенін ресми хабарлаған. Комитет мамандарының желтоқсан айында берген жауабында «Барлық құжаттар қалпына келтірілген соң, балалар міндетті түрде отбасына қайтарылады» делінген.  

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі былай деді: «Баланың анасы Шымкентте тұрады. Жетісай ауданы әкімдігі де балаларға көмектесті. Оларға туу туралы куәліктер рәсімделді. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен олар Шымкентте тұратын анасымен бірге болуы ұйғарылды. Қазір балалар анасының қамқорлығында»

«Екі бала да мектепке барады. Үлкені – 2-сыныпта, кішісі – 1-сыныпта. Жағдай Шымкент қаласы білім басқармасының бақылауында», – деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері.

Балалардың анасы жалғызбасты әйел.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *