Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкенттік батыр балалар

Шымкентте екі оқушы бала батылдығы мен көзсіз ерлігі үшін министрдің марапатына ие болды. Олар қалалық № 128 жалпы мектептің оқушылары – Ердәулет пен Рамазан.


Мәселе былай ғой… 2023 жылдың 10 мамырында Шымкент қаласының Игілік тұрғын алабындағы Бадам өзеніне шомылуға келген балақайлар арасында бір бала суға кетіп, тұңшыға бастайды. Шомылуға жаңа келген Ердәулет пен Рамазан су бетіндегі жансыз баланы көріп тез арада оған көмектесуге кіріседі.
Бұл кезде су жұтқан баланың іші ісіп кетіп, денесі көгере бастаған. Балалардың үлкені Рамазан, 9-сынып оқушысы, тез арада реанимациялық әрекетке кірісіпті. Оған оның досы 8 сынып оқушысы Ердәулет Шыңғысхан көмектеседі. Балалардың әбжіл әрекеттерінің арқасында алты жасар бала есін жиып, дем ала бастайды.
Осылайша уақытында көрсетілген медициналық көмек суға тұңшыққан баланың өмірін сақтап қалды.


«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильиннің бұйрығымен Рамазан Аманкелдиев пен Ердәулет Шыңғысхан суға кеткен баланың өмірін құтқарғаны үшін арнайы медалімен марапатталды» деп хабарлайды Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Бүгінгі күннің қос батырына Ердәулет Шыңғысхан мен Рамазан Амангелдиевке ТЖ департаменті басшылығының атынан да марапаттар табыс етілді. Естелік сыйлықтар берілді.


Рамазан Аманкелдиев бүгін мемлекеттік емтихан тапсырып жатыр екен. Сондықтан да оның марапаты анасына табысталды.
Айта кету керек, Бадам өзені жүзуге тыйым салынған орын. Шымкент қаласында шомылуға арналған 13 орын анықталған. Олар Шымкент қаласы ТЖ департаментінің сайтында жарияланған.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *