1993 жылы 15-қараша күні Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш төл валютасы – Теңге айналымға ресми түрде енгізілді. Сол жылдан бастап елімізде 15-қараша – Ұлттық валютамыз — Теңге күні ретінде аталып өтіп келеді. Міне, осы мерекеге орай Түркістан Облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мекемесінде салтанатты жиын болып өтті.
Жиында алғаш болып құттықтау сөз сөйлеген орталық басшысы Әлімхан Чалкаров ұжымды мерекесімен құттықтап, тілегін жеткізді. Бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.
— Баршаңызды Ұлттық валюта – Теңге күні және Қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің психиатрия саласында әр маманның еңбегі ерекше. Медициналық персонал адам денсаулығы үшін күресіп, жан-дүниесіне қолдау көрсетіп, өмірге деген сенімін нығайтады. Ал қаржыгерлер мен басқа да қызметкерлер мекеменің тұрақты жұмысына өз үлестерін қосып келеді. Бәріміздің ортақ мақсатымыз – адамға көмек көрсету, оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Ең басты байлығымыз – ақша емес, адам өмірі мен рухани саулығы. Осы құндылықтарды әрдайым бағалай білейік! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін, — деді Алимхан Бәкірұлы.
Ынтымағы жарасқан ұжымды арнайы келген қонақтар, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Экономикалық жоспарлау және қаржыландыру жөніндегі орынбасары Тұрғанбаева Нүргүл Тоқтасынқызы, «DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің бас бухгалтері Гүлнар Әнуарбекқызы, Шымкент қаласының Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Ғалымжан Абишев құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Салтанатты жиында орталық қызметкерлерінің ұйымдастырған концерттік бағдарламасы көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. Ал, ойламаған жерден құмар ойынының құрбанына айналып, ақырында отбасынан, анасынан, бүкіл дүние-мүлкінен айырылған азаматтың аянышты тағдыры сахналанған көрініс көпшілік көңілге үлкен ой салды. Құрдымға құлататын құмар ойынының зардабын әрбір отбасы егесі, әрбір ата-ана өз отбасында перзенттеріне түсіндіріп, алдын алып отырудың маңызын түсінді.
Салтанатты жиын орталық қызметкерлерінің көңілді флеш-моб биімен аяқталды.
Р. Әуелбеков.
