Біле жүріңіз

Кенеден қорғанып жүріңіз

К

онго-Қырым қанды қызбасы — аса қауіпті жұқпалы ауру. Көктем, жаз, күз айларында кездесетін бұл аурудың тасымалдаушысы — қарапайым кене. Кейбір кенелердің ағзасында осы ауруды тарататын вирустар сақталады. Кенелер адамға мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта демалу, тағы сол сияқты жағдайларда жабысады. Ауру қоздырғышы — вирустар адам ағзасына трансмиссивтік жолмен – (кененің жабысып шағуы), қарым-қатынас, жанасу арқылы (ауру адамнан сау адамға қан және қан бөлінділері, кенені қолмен езу, қайшымен қию кезінде қолға қан жұғуы арқылы) беріледі.

Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының негізгі белгілері: Ауру кенеттен басталады. Науқастың басы қатты ауырып, дел-сал күйге түсіп, белі сырқырайды, тамаққа тәбеті болмайды. Дене қызуы 39-41 градусқа дейін көтеріледі. Адам ағзасының шырышты қабаттарынан, тістерінен, мұрнынан, әйелдердің жыныстық мүшелерінен (жатырдан) немесе ішкі ағзаларынан (асқазан, тік ішектен) қан кетеді. Терісіне бөртпелер шығып, инъекция (ине) салған, шымшыған жерлерде терісі көгереді. Ағзаның қанды ұйыту қабілеті бірте-бірте жоғалып, адам қансырау салдарынан қаза болуы мүмкін.

Мына ережелерді назарда сақтаған жөн: Табиғат аясында, саяжайда демалған сәттерде дененің киімнен ашық жерлерін мейлінше азайту керек. Кене жабысу мүмкіндіктері бар жерлерде шалбардың балағын шұлықтың ішіне, көйлекті шалбардың беліне салып, қымтаған дұрыс. Бұл шара кененің денеге кіруінен қорғайды. Жұмыстан кейін жабысқан кенелерді анықтау үшін күнделікті үстіңізді мұқият бір тексеріп шығыңыз. Кене малдың үстінде болатындықтан, оларды күту барысында сақтық ережелерді қатаң сақтау керек. Малдағы кенені жалаңаш қолмен жұлуға болмайды.

Егер сізді кене шағып алған болса, онда шұғыл тұрғылықты жер бойынша міндетті түрде емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгініңіз.Сізді 14 күнге дейін медициналық бақылауға алады. Аурудың бірінші белгілері — дене қызуының көтерілуі пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек.

Денеңізге кене жабсқан жағдайда оны пинцетпен жұлу немесе таза дәкемен оралған саусақпен мүмкіндігінше аузына қарай жақын ұстап, шаққан жердің бетінен перпендикуляр ұстап, кененің денесін осьтің айналасына бұрып, оны теріден шығару керек. Шаққан жерді 70% спирт, 5% йод тұнбасы секілді затармен дезинфекциялау қажет. Кенені алып тастағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуған жөн. Егер шаққан жерде қара нүкте қалса (басының немесе тұмсығының жұлындысы) 5% йод тұнбасымен сүртіп, табиғи түрде жойылғанша қалдыру керек.

Кене шаққанда не істеуге болмайды? Теріге жабысқан кенені жұлуға болмайды. Өйткені, оны жұлған кезде жәндіктің басы теріде қалып қояды. Салдарынан, жәндіктің улы сөлі мен вирустар адам ағзасына тарайды. Сондай-ақ, тіспен жұлуға, қатты басып, сығуға болмайды.

Нұрсұлтан Төлепов,

Сауран аудандық емханасы Жаңа Иқан дәрігерлікамбулаториясының

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *